$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Президент қазақ дипломаттарының басын қосты

AstanaTV
03.02.2016ж. 20:00
1209
Президент қазақ дипломаттарының басын қосты

Президент қазақ дипломаттарының басын қосып, «ЭКСПО-2017» көрмесіне шетелдіктердің кең ауқымда қатысуы жөніндегі шараларды пысықтады. Бүгін Сыртқы істер министрлігінде Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.

Бүгінде республикамыз әлемнің 169 мемлекетімен дипломатиялық байланыс орнатты. Шетелде 60 елшілік пен дипломатиялық өкілдік жұмыс істейді, олар 94 елді қамтиды. Қазақстанда өзге елдер мен халықаралық ұйымдардың 50-ден астам дипломатиялық миссиялары бар. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ТМД, ШЫҰ, ЕАЭО сияқты маңызды халықаралық бірлестіктердің бастамашысы болғанын айтты. Алқа мәжілісінде президент дипломаттарға жаңа міндеттер қойып, нақты тапсырмалар берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Отандық дипломатия арқылы көптеген жаһандық өлшемдегі сыртқы саяси бастамалар жүзеге асырылды. Қазақстан тұңғыш рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесінің орнына үміткер болып отыр. Осыған байланысты достық қарым-қатынастағы елдердің қолдауына үміт артамыз.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ