$506.21 €568.42 ₽6.3
×

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында асфальт опырылып, ортасына түсті

AstanaTV
13.04.2015ж. 13:00
1367
Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында асфальт опырылып, ортасына  түсті

Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласының орталық көшесінде жол опырылып түсті. Айта кетелік, бұл жер бұған дейін де опырылып, бір жөндеу көрген. Былтырдың өзінде наурыз және тамыз айында екі жерден ойылып, кейін 765 метр құбыр ауыстырылыпты. Бірақ араға жыл салып, тағы да жайсыз жағдай қайталанып отыр. Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл жолдың астынан 1986-жылы кәріз құбыры жүргізілген.  Ширек ғасырдан астам уақыт бойы қолданыста болған құбырдың бүгінде тозығы жеткен. Опырылған аумақ қоршауға алынған.

Қайрат Әбуов, Батыс қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

Қазір бұл құбырға қосымша желі тартылып, барлық нысандар қалыпты жұмыс ырғағына көшті. Жолдың опырылған тұсының жобалау-сметалық құжаттары дайын. Оқыс оқиға кезінде жарақат алған, жапа шеккен азаматтар жоқ.

Еркін КАРИН