$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбеде өртенген үйдің тұрғындары жөңдеу жұмыстарының сапасына көңілдері толмайды

AstanaTV
06.11.2018ж. 20:00
2292
Ақтөбеде өртенген үйдің тұрғындары жөңдеу жұмыстарының сапасына көңілдері толмайды

Бұл уақытта Ақтөбеде үйі өртенгендер бір айдан бері өз пәтерлеріне кіре алмай жүр. Әкімдік жеке кәсіпкерлердің көмегімен жөндеу жұмыстарын жүргізіп берген. Бірақ тұрғындар оны қалай болса солай жасалған дейді. Өрттен зардап шеккен 30 пәтердің 28-нің терезесі жаңартылыпты. Бірақ, терезелер қисық және жалаң әйнек орнатылған,-дейді. Жөндеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Демеушілер әрбір пәтерге 50 мың тенгеден бөлген.  

Айнаш САТИЕВА, ТҰРҒЫН: 

Бірақ, мына обоидың суретін келтірмей осылай қалай болса солай жапсырып кетті. Енді айттым балдарға суреттерін келтіру керек, неге подгон жасамағансыз деп едім. Олар деген подгон жоқ осылай істейміз болды деп жабыстырып, ашуланып менімен ұрысып кетіп қалды.  

Еске салсақ, 4-қазан күні қала орталығында көп қабатты үй өртеніп, отыз пәтер бүлінген. Біреуі түгелдей жанып кетті. Өрттің неден шыққаны белгісіз, сондықтан оны қалпына келтіруге қазынадан қаражат бөлінген жоқ. Тек 12 отбасы арызданып, оларға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен жүз мың теңгеден көмек көрсетілген. Әкімдік жағдайдан хабардар.  

Серік ДӘУЛЕТОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Ондай жалобалар бізге келіп түсті. Сол тұрғындармен жеке сөйлестік. Қазіргі уақытта басқа жеке кәсіпкерлерге дұрыстауға тапсырма берілді. Қайта жөңдеу жұмыстарын өткізеді. 

Б. Рахметова