$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астана ХАБ-тағы кеңес отырысы

AstanaTV
13.11.2018ж. 20:00
2561
Астана ХАБ-тағы кеңес отырысы

ІТ мамандар 3 жыл оқытылуы тиіс. Олардың 90 пайызын ағылшын тілінде оқытқан дұрыс. Мамандарды оқу орындарына қабылдау ережелеріне осындай өзгерістер енгізілуі мүмкін. Бұл ұсыныстар бүгінгі «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған «Жастарды қолдау» бағытындағы комиссия отырысында айтылды. Қазіргі таңда ІТ мамандарын даярлауға жыл сайын 22 мың грант бөлінеді. Ал, бұл жеткіліксіз. Партия отырысында жас стартаперлер өз жобаларын таныстырды. Айта кету керек, бұл жиын «Жастарды қолдау» бағытында ашылған комиссияның үшінші отырысы. 

Дамир ШЫНЫБЕКОВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІТ УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ:  

ІТ мамандарына бөлінетін грант жыл сайын артып келеді. Әрине, оған байланысты ЖОО-да көбейіп келеді. Осы орайда университетердің рейтингін анықтайтын жүйені өзгертсе дейміз. Олардың жасаған жобаларына қарай қолдау болса дейміз. Өйткені, ІТ саласы елімізде ғана емес, халықаралық нарыққа шығуы керек. Сонда ғана осы салада нәтиже болады.

Бақтияр МӘКЕН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:  

Жалпы беріліп жатқан гранттардың сапасы қандай? ІТ мамандықтарға беріліп жатқан мүмкіндіктері қандай? Сондай мәселелердің барлығын көтеріп отырмыз. Біраз ұсыныстар беріліп жатыр. Алматыдағы Халықаралық ІТ саласын даярлайтын университеттің басшыларын тыңдадық. Өзекті мәселелер көтеріліп жатыр. Бұл ұсыныстардың барлығын біз комиссия атынан Үкіметке береміз.

У. Қабылтайұлы