$494.87 €520.65 ₽4.91
×

2000-ға тарта ауылда аурухана жоқ

AstanaTV
17.01.2019ж. 20:00
1997
2000-ға тарта ауылда аурухана жоқ

Елімізде 2000-ға тарта ауылда аурухана мүлдем жоқ. Жол ұзақтығынан Солтүстік Қазақстан және Батыста 37 ауылдың тұрғындары медициналық көмекке қолдары жетпей отыр. Олар аудан орталықтарына жету үшін шұрық-тесік жолдармен 180 шақырымдай жүруі қажет. Ал, қыс кезінде жолды қар бітеп азапқа салады. Салдарынан шұғыл көмек көрестілуі тиіс науқас 2-3 сағатқа кешігеді. Бүгін «Нұр Отан» фракциясы осы мәселені көтеріп, географиялық орналасуына байланысты медициналық нормативті қайта қарау керегін айтты. 

Гүлмира ИСИМБАЕВА, «НҰР ОТАН»ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ,ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:  

Ауылдағы тұрғындардың саны ғана емес, елді-мекендердің бір-бірінен қашықтығы географиялық және табиғи климаттық факторлары ескерілуі қажет. Медициналық ұйымдар жүйесін дамытудың инфрақұрылымдық жоспарын пысықтау қажет деп ойлаймыз. 

У. Қабылтай