$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қуандық Құлмурзинге қатысты сот үкім кесті

AstanaTV
18.02.2019ж. 20:00
2881
Қуандық Құлмурзинге қатысты сот үкім кесті

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» компаниясының экс-басшысы Қуандық Құлмурзинді сот жемқорлық бабы бойынша кінәлі деп тауып, пара көлемінен 30 есе көп айыппұл салды. Енді ол бір ай көлемінде 129 млн теңгеге жуық қаржыны өтеуі керек. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.  

Еркебұлан ТЫҢДЫБЕКОВ, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БӨЛІМ БАСШЫСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН АТҚАРУШЫ: 

Оған осы бап бойынша мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттік үлесі 50 пайыздан асатын ұйымдарда лауазымды атқаруды өмір бойына айыра отырып, 128 980 760 теңге көлемінде айыппұл тағайындалған. Қуандық Сағындықович Құлмурзин 1 ай ішінде үкім заңды күшіне енгеннен бастап тағайындалған айппұлды төлеуге міндетті. Үкім заңды күшіне енген жоқ.  

Естеріңізге сала кетейік, Қуандық Құлмурзин өткен жылдың қараша айында қолға түсті. Ұлтттық бюро мамандары оны қол астында жұмыс істейтіндерден 4,3 млн теңге көлемінде ақша алып жатқан жерінде кісендеген еді. 

Н. Біләл