Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Астанадағы таксомоторлы компанияларға 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін

AstanaTV
06.03.2019ж. 20:00
3445
Астанадағы таксомоторлы компанияларға 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін

Астанадағы таксомоторлы компанияларға 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы монополияға қарсы департамент өкілдері хабарлады. Мамандар компаниялардың бірігіп, жолақы бағасын заңсыз белгілеп келгенін анықтаған. Қазір бұл іске қатысты тергеу жұмыстары басталды. Бірақ, Астана қаласы жүргізушілер ассоциациясы тағылған айыпты жоққа шығарып, тараптармен келіспей отыр.

Медет ҚҰРМАНОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ЖҮРГІЗУШІЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Шын мәнінде компания өкілдерін қауымдастыққа қинап кіргізіп, бағаны да әдейі көтеру болған жоқ. Бұл туралы ешкім шағым білдірген жоқ. Тіпті, бұл компанияларға қарсы жолаушылар да арыз түсірмеген. Сондықтан, қазір департамент жүргізіп жатқан тергеуді негізсіз деп есептеймін.

Қазір «Astana Taxi» бірыңғай қызметінде 21 таксомоторлы компания бар. Ондағы 700-ге жуық көлік жолаушы тасымалдайды. Бірақ, жолақы бағасы нарыққа сәйкес келмейді. Ал, «Атамекеннің» жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі қызмет құнын төмендетіп, заңға сай әрекет етуге шақырып отыр.

Ирак ЕЛЕКЕЕВ, КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Егер, әрі қарай жұмыс істеймін десе, біз жеңілдік жасадық қой көп, мемлекет тарапынан көп жеңілдік бар. Оларға автобуспен жүретін жолды бердік. Енді оларда баға арзандауы керек. Сондықтан, осыған байланысты болашақта үміттеміз жақсаратын шығар деп және баға арзандайды деп.

А. Бектас