$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қостанайда өзбек азаматтарын құлдыққа салған күдікті ұсталды

AstanaTV
02.11.2017ж. 20:00
2582
Қостанайда өзбек азаматтарын құлдыққа салған күдікті ұсталды

Қостанайда  өзбек азаматтарын құлдықта ұстаған  күдікті қолға түсті. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті жазбаша ақпарат таратты. Полицейлер жедел-іздестіру шарасы барысында шаһардағы диірмендердің бірінде заңсыз жұмыс істеген 18 шетел азаматын анықтаған. Олар сәуір айынан бастап кәсіпкерге тегін жұмыс істеген көрінеді. Күдікті азамат өзбекстандықтарды қорқытып құжаттарын тартып алған. Сөйтіп, өздерін құлдыққа салып, бір тиын ақы төлемей, тегін жұмыс істеткен.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 128 бабы 2 бөлімі, яғни «адамды саудаға салу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал Көші-қон заңын бұзған өзбектер жәбірленуші ретінде әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. 

Заңғар САНАЙ