$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елбасы тұңғыш рет металлургтердің құқын қорғаған адам-Қ. Омашев

AstanaTV
21.03.2019ж. 20:00
3526
Елбасы тұңғыш рет металлургтердің құқын қорғаған адам-Қ. Омашев

Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Мәскеуде металлургтер құқығын қорғаған. Елбасының замандастары сонау 1970 жылдары ұлт көшбасшысы Мәскеудегі орталық партия комитетінен металлургтер құқын қорғайтын арнайы құжат қабылдауды талап еткенін еске алды.  

Қуаныш ОМАШЕВ, ЕЛБАСЫ ҚҰРДАСЫ:

Секретарь ПартКома болып тұрғанда 30 дан 32 жасында Москваға барып қайсарлығының арқасында мәселе қойды. Металлургтердің тұратын жері жоқ, деамалатын жері, жүретін жері жоқ. Жилищно- бытовой условие керек, - деп соған постанавление қабылдатты.

Нұрсұлтан Назарбаевтың замандасы Нина Вахитова Теміртау қаласындағы бірқатар әлеуметтік проблемаларды билікке төтесінен қойып, шаһарды дамыту бағдарламасының қабылдануына түрткі болғанын айтты. Оның баяндамасынан кейін Теміртауды дамытуға бағытталған басты жоба жасалып, біраз жылдан кейін шағын ғана елді мекен үлкен шаһарға айналған. }

Нина ВАХИТОВА, ЕЛБАСЫ ЗАМАНДАСЫ:

Ол кезде металлургтердің тұратын үйі, балабақша, спорт кешені де жоқ еді. Жұмыскерлер дайындайтын жалғыз училище ғана болды. Еш жағдай жасалмаған болатын. Осы проблемалардың бәрін партия жиналысында, металлургтердің атынан Нұрсұлтан Назарбаев қана көтере алды. Нәтижесінде Теміртау гүлденіп, дамыды.

А. Қуаш