Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстандық спортшылар Олимпиадаға жолдама алды

AstanaTV
29.04.2019ж. 20:00
3664
Қазақстандық спортшылар Олимпиадаға жолдама алды

Қазақстандық спортшылар Олимпиадаға жолдама алды. Төрт жылдықтың дүбірлі додасына алғашқылардың бірі болып қол жеткізген жүзгіштер, жеңіл атлетиктер мен велошабандозшылар. Дмиртий Баландин Қытайда өткен жарыстан кейін, ал велоспортшылар командасы Азия чемпионатынан кейін олимпиадаға қатысу лицензияларын алды. Спорт әліміндегі жаңалықтармен Нұрсұлтан Біләл бөліседі.   

Жүзу шебері Дмиртрий Баландин Токио Олимпиадасына жолдама алды. Халықаралық су спорты түрлері федерациясының Champions Swim Series атты жаңа турниріне қатысты. Жарыстың алғашқы кезеңі Гуанчжоуда өтті. Екі финалдық сайысқа қатысқан Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин қола медаль жеңіп, 2020 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу нормативін орындады. Сондай-ақ, спортшымыз 4х100 метр аралас эстафетасына қатысты. Бұл сайыста ол қола медаль иеленді.  

Алматылық «Қайрат» футзалдан чемпиондар Лигасының күміс жүлдегері атанды. Жартылай финалда каталониялық «Барселонияны» тізі бүктірген Кака шәкірттері финалда 2:1 есебімен лиссабондық «Спортингке» есе жіберді. Қарсыластар тарапынан Кавинато мен Алекс Мерлим жергілікті жанкүйерлердің көңілін түсірсе, Қайрат сапынан қорғаушы Дуглас нәтижелі соққысымен есептегі айырманы қысқартты. Осылайша португалдықтар тарихында алғашқы рет жеңімпаз атанып отыр. Ал Қайрат осыған дейін УЕФА кубогіне екі мәрте, 2013 және 2015 жылдары олжалаған болатын. Айта кетсек, аталмыш турнир бұған дейін УЕФА кубогы деп аталып келген еді. Ал биылдан бастап УЕФА Чемпиондар лигасы атауына ие болды.  

Ал, Қазақстан чемпионатының кезекті турында «Қайрат» пен «Ордабасы» бақ сынасты. Бірақ, тартысты ойында есеп ашылмады. Алматылық футбол клубының ойыншысы Георгий Жуков екі метрден ашық қақпаға гол соға алмады. Ойынның 58 минутында капитаннан пас алған жартылай қорғаушы допты қақпадан асырып жіберді.   

Мәскеуде аралас жекпе-жектен өткен Absolute Championship Akhmat 95 турнирінде Арман Оспанов қарсыласы Лом-Али Эскиевті нокаутпен жеңді. Айқас үш раундқа есептелген. Арман қарсыласын екінші раундта тіземен теуіп, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады. Бұл - қазақстандық файтердің ұтып алған үшінші жүлдесі. 

Н. Біләл