$498.34 €519.72 ₽4.85
×

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Павлодар облысына іс-сапармен барды

AstanaTV
30.04.2019ж. 20:00
3795
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Павлодар облысына іс-сапармен барды

Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға жәрдемақы көлемі 30 пайызға ұлғаяды. Арнайы мамандырылған №64 «Асыл-бөбек» бала бақшасының жұмысымен танысқан Мәжіліс депуттары осылай деді. Бұл өзгеріс «Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламалары аясында бірінші кезекте қарастырылып отыр. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балалар қала және ауылда да жүріп-тұрғанда ешқандай қиыныдықтарға тап болмауы үшін инфрақұрылым мәселесі де қаралады.  

Ирина Унжакова, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Біз мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге толық қолдау көрсетеміз. Партия бағдарламасының бірінші мақсаты да мүмкіндігі шектеулі адамдарды жан-жақты қолдау. Әлеуметтік қорғау жүйесі жұмысының тиімділігін арттыру бойынша кешенді шаралар қабылданып жатыр. Адамдарға нақты қолдау көрсетуіміз керек. Қаражат әлеуметтік қорғау жүйесіне, бағдарламаға емес, нақты мұқтаж адамға жұмсалуы қажет.  

Ал, Павлодар облысына барған мәжіліс депутаттары кардиологиялық орталық жұмысымен танысты. 2012 жылы салынған нысан жүрек және қан тамыр ауруларын емдейді. Мекеме осы күнге дейін 16 мың науқасқа көмек көрсеткен. 7 мың науқастың жүрегіне ашық ота жасаған. Сапар барысында депутаттар орталық қызметкерлерімен кездесіп, дәрігерлерге ұлт саулығын сақтаудағы Елбасы қойған міндеттерді жан-жақты түсіндірді. Медициналық туризмге де тоқталды.  

Глеб ЩЕГЕЛЬСКИЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:  

Елбасы Қазақстан Халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында медициналық туризм туралы айтты. Бұл мекеме қазірден тапсыраманы жүзеге асыруда. Мұнда Ресейден арнайы келіп ем алатын науқастар бар. Бұл емхананың табысты еңбек етуіне әсер етеді. Сондықтан да, мұндағы дәрігерлер 1 млн. теңгеге дейін жалақы алады екен. Шынымды айтсам, мен таң қалдым.

Ә. Өмірзақ