Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ахалтеке. Әтеш пен торт. Тағы да коррупция...

AstanaTV
28.10.2017ж. 20:00
1844
Ахалтеке. Әтеш пен торт. Тағы да коррупция...

Тағы бір деталь...Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің Ашхабадтың оңтүстік бөлігінде салынатын нысандардың орнымен танысқаны, дәлірегі инспекция жасап жүргенін бейнелейтін роликті қалай көрсетпейсің?! Үстінде мемлекеттің туы түстес спорт костюмі, қолында солқылдақ шыбық, астында ахалтеке! Шыбықты созып, нұсқап қояды. Кәстөм-шалбарадағы Ашхабадтың хәкімі Ш.Дурдылыев пен француз құрылыс компаниясының өкілі бас шұлғып, қойын кітапшаларына тапсырмаларды түртіп алып тұр. Түркіменстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бердімұхамедов ғимараттардың орналасуы туралы, инженерлік шешімдер қабылдауда қазіргі заман талаптарын ескеруге нұсқау берген. Роликте бұл инспекцияның Ашхабад мэрінің сұрауы бойынша жасалғаны жазылған. Түркіменстан президентінің ақ мәрмәр Ашхабадты атпен сеурендеп жүргенін алдымен «Түркіменстан хроникалары» ақпарат құралы Ю-тубте жариялаған. «Изаура күң» сериалының музыкасымен көмкергені иронияны күшейте түскен. Бір айта кетерлігі, Бердімұхамедов тұрғынардаға берілетін әлеуметтік жеңілдіктерді «тиімсіз» деп, алып тастау туралы тапсырма берген. Ол жеңілдіктер 1993 жылы бірінші президент Сапармұрат Ниязовтың бұйрығымен енгізілген  - тұрғындар су, газ, электр энергиясын тегін тұтынатын. Түркіменстан табиғи газ қоры бойынша әлемде төртінші орында...

Уәде еткенімдей, сыйлыққа берілген әтеш туралы айтайын. Павлодар маңындағы Павлодарское ауылының әкімі Аждар Жүсіпов алқам-салқам жататын аулалардың иелері «жиналсын» деп, шарбағын жөндеп, қақпасын сырлаған тұрғындарға әтеш пен торт сыйлапты. 

Аждар Жүсіпов, Павлодарское ауылының әкімі:

Біреудің қоршауы шыныменде өртеніп кеткен болды. Тағы біреуде құлап жатты. Күзге дейін олардың бәрі жөндеп, қақпасы мен қоршауын жаңартты. Біреу сырлап ретке келтірсе, кей адамдар шарбағын ауыстырды. Сондықтан да біз олардың еңбегін ескеріп, кішігірім сыйлық жасадық. Әр отбасыға үйдің әтеші мен тәтті торт тарту етілді.

Нәзира Зангейова, Павлодарское ауылының тұрғыны:

Өз басым бәрін қабылдап, бәрін істедім. Қазір түгелі жарқырап тұр. Біздің ауыл көркейіп келеді. Өте ұнады маған. Бізді шақырып сыйлықтар берді. Мен өте ризамын.

Негізі ауыл әкімін шенейік деп тұрғанымыз жоқ. Қыл аяғы үй жағын жинауға ерінетін адамдар көп. Оған енді өкіметтің қатысы жоқ. Мәселе, метаморфозаларда – иә былай, иә былай, «алтын көпір» - орта тап үлесі аз. Әтеш пен торттың өзінен көңілі көтерілетін адамдар мен тоймайтын коррупционерлер.

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық сотының төрағасы Омар Серікбаевтың пара алып ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Алып жатқан жерінен емес, «алды» деген күдікпен қызметінен шеттетілді, қазір материалдар Бас прокуратураға жөнелтілді, себебі судьяның қорғаныш иммунитеті бар,- деген тағы бір ақпарат бар. Біздің меншікті тілшіміз Айзада Төребекқызы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының ОҚО бойынша департаментіне хабарласқан, олар ешқандай ақпарат бермейтіндерін айтқан, ал облыстық сот «күдікке ілінгені рас» деп, қысқа қайырған. Серкебаев Түркістан қалалық сотының төрағасы болып былтыр қарашада тағайындалған. Сол кезде ол сот жүйесінде 40 жылдай қызмет еткенін айтып, мақтанған. «Партия қайда жіберсе, сонда барамыз», депті былтыр. Былтыр Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының судьясы Ермахан Шаланов парамен ұсталып, осы қыркүйекте 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Үкімді естігенде бұрынғы судья жылап жіберген. 

Айтпақшы, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қ.Бишімбаевтың адвокаттары баспасөз мәслихатын өткізген, алдында тергеушілер айтқан мәліметтерді жоққа шығарды, 1,2 миллирд теңге шығынды айыпталғандар емес, кепіл болған банк қайтарды, ал Бишімбаевтың Қосшы мекенінде жарты миллион долларлық зәулім үйі жоқ деп. Негізі кейбір істердің осындай, «қатпары» қалың – информациялар радикалды қарама-қайшы... Бірақ жалпы, коррупцияның «қаһарлы» екені рас.