Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Кандидат Ж.Ахметбековтың сенімді өкілдері Қызылордада

AstanaTV
20.05.2019ж. 20:00
1681
Кандидат Ж.Ахметбековтың сенімді өкілдері Қызылордада

Ал Жамбыл Ахметбековтың сенімді өкілдері Қызылорда автобус паркінің ұжымымен кездесті. Әдеттегідей сайлауалды тұғырнама түсіндіріліп, жұмысшылардың сұрақтарына жауап қайтарылды. Еңбек адамдары жалақы, баспана секілді мәселелерді ғана емес, батыстың жағымсыз ықпалынан құтылудың жолдарын да ұсынды. Үміткердің тұғырнамасындағы бес негізгі бағыттың бірі де осы болатын. «Батыстың ықпалы мен жалған құндылықтарынан бас тарту» делінген онда. Автобус паркінің бас инженері ұлттық таным мен қазақ дәстүрлерін кейінгі ұрпаққа үйрету арқылы онымен күресуге болады деді. Партиядағылардың да меңзеп отырғаны осы.

Талғат ТЕЛЕУБАЕВ, ҚКХП ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ :

Сайлауалды бағдарламаның бір бағыты - батыстың ықпалынан бас тарту. Қазіргі таңда батыстан жағымсыз нәрсе көп келіп жатыр. Әсіресе, әлеуметтк желіде. Интернет ресурстардан. Сондықтан бұл жерде өзіміздің ұстанымымызды жасағанымыз дұрыс. Дәстүрімізді сақтағанымыз дұрыс.

Д. Қайыртай