$498.34 €519.72 ₽4.85
×

15 жыл бойы жазасын өтеп келген қостанайлық аю бостандыққа шықты

AstanaTV
07.06.2019ж. 20:00
2069
15 жыл бойы жазасын өтеп келген қостанайлық аю бостандыққа шықты

Катя есімді мын аю Қостанайдағы №161/2 түзеу колониясын 15 жыл бойы мекен еткен. Осы уақытта жазасын өтеушілер жануарды бауыр басып қалыпты. Бірі күн сайын тәтті тоқаш беріп еркелетсе, енді бірі оның құрметіне арнайы ескерткіш жасаған.

Нұржан ҚОЙШЫБАЙ, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ №161/2 ТҮЗЕУ КОЛОНИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Су аю келгеннен бастап арнайы су бұрқағы бар, екі есікті арнайы үлкен темір тор орнатылған. Кең көлемді, ойнау үшін, уақыт өткізу үшін. Осы уақытқа дейін өзін жаман жағынан көрсеткен жоқ. Сондықтан да біз мекеме бастықтарымен жыртқыш аң болғасын табиғатқа жақын болғаны дұрыс деп шештік.

Жыртқыш жануар Петропавл төңірегіндегі тынығу мекемесінде қоныс тепті. Жергілікті мал дәрігерлері оның жағдайын тексеріп, денсаулығына кінәрат жоқ екенін айтқан. Катя бірінші күннен бастап өзге аюлармен тіл табысыпты.   

Валентина ДМИТРИЕНКО, «АБАКШИНО» ТУРИСТІК БАЗАНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Катя жолдан қатты шаршамаған сияқты. Ветеринарлар жағдайы жақсы деді. Катяның келгеніне бәрінен бұрын осындағы Яшка есімді аю қуанды. Екеуі де қоңыр аю. Яшка тұқымдас аюды көргенде темір тордан қолын созып, құшақтап, оны жалай бастады. Осылайща, біздің зообақ Катяны жылы қабылдады.

Кішігірім зообақта барлығы отызға жуық жануар бар. Турбаза қызметкерлері оларды қысы-жазы күтіп баптайды. Мәселен, әр аюға күнде шамамен он келіден тамақ беріледі екен.  

Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:

Аюлар жыртқыш аң болғаннан кейін көбінесе етпен қоректенетіні түсінікті. Бірақ таңертеннен кешке дейін оларды етпен тамақтандыру тиімсіз әрине. Сондықтан зообақ қызметкерлері аюларды адам тұтынатын азыққа үйретіп, күніне үш мәрте бидай, көкөніс пен жеміс-жидек береді екен.

Турбаза қызметкерлері біршама уақыттан соң қоңыр аюларды қосуды жоспарлап отыр. Сондықтан зообақта ендігі жылы қонжықтардың пайда болуы да әбден мүмкін.  

А. Құрманкин