Теңіз жобасына тартылатын қазақстандықтар саны арттырылмақ. Chevron компаниясының басшысылғы осындай уәде беріп отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлама таратты. Бүгін Бердібек Сапарбаев компанияның Еуропа, Еуразия мен Таяу Шығыстағы барлау және өндіріс жөніндегі президенті Тодд Левимен кездескен. Министр шетелдіктер мен қазақстандықтардың жалақысында, еңбек жағдайында айырмашылық жасамауды ескертті. Ал біліктілігі жоқ шетелдіктерді қысқарту қажеттігін айтқан. Ұжымда алауыздық тумас үшін арнайы комитет құрылмақ. Осылайша компания басшылары жұмысшылармен тығыз байланыста болып, олардың сеніміне ие боламыз деп отыр. Айта кетейік, Теңіз жобасында жұмыс істеп жатқан қазақстандықтар мен шетелдіктер арасында дау туды. Отандастар Ливан азаматының қазақ қызымен түскен суреті намысқа тигенін айтып, екі тарап жаппай төбелескен болатын. 45 адам ауруханаға түсті.
Г. Меңдеева