FaceApp қоданушылардың жеке мәліметтерін үшінші тұлғаларға таратпайды. Қосымшаны ойлап тапқан ресейлік Wireless Lab компаниясы осылай деді. Олардың бұл мәлімдемесін ТАСС агенттігі жарияланды. IT саласының мамандары қосымша қолданушының фотогалереясына рұқсаты бар болғанымен, пайдаланушының өзі ұсынған фотосын ғана өңдеп, өзіне жүктей алатынын айтады. Яғни дәл сол өңдеуге таңдап алынған фото ғана бағдарламаның онлайн жадында сақталады. Және фото бірнеше күн ішінде автоматты түрде қайта жойылады, дейді компания өкілдері. Wireless Lab компаниясының бұлай деп ақталуына америкалық сентордың қосымша қолданушылардың жеке мәліметтеріне қауіп төндіреді, келесі бір тұлғаларға таратады деген мәлімдемесі түрткі болған еді.
Біз қолданушылардың жеке мәліметтерін ешкімге сатпаймыз да, бермейміз де. FaceApp онлайн жадында пайдаланушының барлық фотоларын сақтамайды. Тек қолданушы өзі өңдеуге таңдаған фотоны бағдарлама онлайн жадында сақтап, өңдейді
Faceapp-тың шыққанына 2 жыл болған. Бағдарламаға қолданушылар фотоларын жүктеп, ондағы түрлі фильтрлар арқылы өз стильін, түрін, нәсілін, жынысын да өзгерте алады. Және түрін жасартып, қартайтуға да болады. Қазір әлеуметтік желілерде Faceapp challenge кеңінен тарап жатыр. Осы хэштегпен әлем әртістері өздерінің қартайғандағы түрін жариялап әлек. Ал көптеген интернет-басылымдар түрлі саясаткерлер, кино және мульфильм кейіпкерлерін бағдарламамен өңдеп, қартайғанда қандай болатынын жариялап жарысып жатыр. Ресми деректерге сүйенсек, қазірдің өзінде Faceapp-ты 80 миллионнан астам адам қолданады.
Ә. Өмірзақ