Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Отандық құрылыс материалдары өндірісінің экспорт көлемі 62 млн АҚШ долларын құрады

AstanaTV
20.10.2017ж. 20:00
2102
Отандық құрылыс материалдары өндірісінің экспорт көлемі 62 млн АҚШ долларын құрады

Отандық құрылыс материалдары өндірісінің экспорт көлемі 62 млн АҚШ долларын құрады. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Индустриялық даму" бағыты бойынша жұмыс  комиссиясының отырысында айтылды. Жиында құрылыс материалдары өндірісінің даму перспективалары қаралды. Шеттен жеткізілетін өнімді алмастыру мен елде шығарылмайтын тауарларды өндіріске енгізу де әңгіме арқауына айналды.

Комиссия мүшелері Астанада кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік картасы шеңберінде іске қосылған үй құрылысы комбинатының жұмысымен танысты. Кәсіпорынның өнімі пайдалану мерзімінің ұзақтығымен және құрылысты салу уақытының қысқаруымен ерекшеленеді. Жиында проблемалық мәселер де талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша берілген ұсыныстар мемлекеттік органдарға жолданды.

Аман Аюпов, Астана қаласы "Индустриялық даму" бағытындағы комиссияның кураторы: 

Құрылыс материалдары өндірісі қарқын алып келе жатыр. Саланы дамытуда әсіресе тасымалдаушы компанияларға назар аудару қажет. Ертеңгі күні қиын жағдайларға тап болмас үшін, осы жағына мұқият болған дұрыс. Отандық құрылыс материалдарын өндіретін компаниялардан қажетті өнімді алған әлдеқайда сенімді.