$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Оралда көлік салығын төлемеген қалталыларға қарсы жорық басталды

AstanaTV
03.09.2019ж. 20:00
2960
Оралда көлік салығын төлемеген қалталыларға қарсы жорық басталды

Оралда көлік салығын төлемеген қалталыларға қарсы жорық басталды. Бүгінде олардың берешегі 400 миллион теңгеден асып кеткен. Мемлекеттік кірістер басқармасы қарызды өндіріп алу үшін түрлі шараларды қолға алыпты. Бірақ нәтиже аз. Енді астындағы көліктерін тартып алмақшы. Мысалы, мына "Тойота" көлігі көшеде тоқтатылып, бірден айыптұраққа жөнелтілді. Иесі екі жыл бойы салық төлемеген. Бір қызығы, борышкерлердің қатарында қымбат көлік мінген ауқатты азаматтар да бар. Оралда осындай 455 авто тіркелген. 

Алексей ГЕРАСИМОВ, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бүгінде қалада 4 мың адам көлік салығын төлемеген. Жыл басынан бері 10 көлік айыптұраққа қамалыпты. Дегенмен, салықшылар борышкерлерге рақымшылық жариялап отыр. Яғни, негізгі берешек төленсе, өсімпұлды шегереді.

Дархан СӘТЕКБАЕВ ОРАЛ қ. МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Берешегі 250 айлық есептік көрсеткіштен асып кетсе, сот орындаушылары материалды сотқа жіберіп, көлік иесі жүргізушілік құқығын айрылады. Қазір бұл жұмыс жүйелі жүргізілуде. 3 мыңнан астам борышкердің ісі сотқа тапсырылды. Оның 1 500-інен қарыз өндіріліп алынды.