$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша 1500 адам өтініш жазған

AstanaTV
11.09.2019ж. 20:00
2216
Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша 1500 адам өтініш жазған

Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 1500 тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі тіркелген. Бұл туралы қалалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылды. Полицияға отбасылық кикілжіңмен көбіне 25-35 жас аралығындағы азаматшалар арызданған. Полицейлер мәліметінше, өтініштердің соңы татуласумен қайтып алынады. Сондықтан жәбір көрсеткендер әкімшілік жауапқа тартылмайтын көрінеді. 

Ақмарал СЕРІКБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ ӘЙЕЛДЕРДІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ ТОБЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ :

Жылдан жылға өсіп жатыр. Өйткені, ол құқықбұзушы көбейді деген сөз емес. Қазір көбейіп жатыр деген. Бұрыннан солай болды деп ойлаймын. Қазір ақпараттың көбейгендігінен арызданып, өзінің құқығын біліп келушілердің, арызданушылардың көбейгендігінен. 

А. Мүтәлі