Қазақстанның бірқатар облыстарында ашылған ақылы жолдар жаппай тоналып жатыр. Ұрылар тас жолдардағы электр сымдары мен трансформатарларды үш жылдан бері жымқырып келеді. Осылай деп шағымданған «Қазавтожол» кәсіпорының өкілдері қаскөйлерді құрықтауға полиция қауқарсыз,- дейді. Ал құқық қорғау органдары мұны жоққа шығарды.
Алматы облысындағы ақылы "Алматы-Қапшағай" автожолынан түскен қаражат тас жолдарды жөндеуге жұмсалуы тиіс. Алайда «Қазавтожол» кәсіпорының өкілдері мұндағы электр сымдары мен трансформатордың ұрланғандығын айтады. Ұрылар құны қымбат трансформаторлардың бағалы металдарын жымқырып кеткен
Ерлан РЫСБЕКОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ «АҚЫЛЫ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ДИРЕКЦИЯСЫ» ФИЛИАЛЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ:
"Алматы-Қапшағай" тас жолындарында ұрлық азаймай тұр. Қаскөйлер ұзындығы 10 шақырымды құрайтын қоршауды, 40 шақырымдық электр сымдары мен 30-ға жуық жарық жүйесін үптеп кеткен. Жер асты жолдарында да талай зат ұрлануда.
Мамандар ақылы жолдар күні-түні күзет бақылауында болса да, ұрылардың азаймайтын отырғанына налиды. Олар темір қоршаулар мен трансформаторларды металл өткізетін орындарға апаруы мүмкін екенін алға тартты. Үш жыл ішінде полицияға 27 -рет шағым түсірген.
Сергей НЕЗНАЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Ұрлау фактісі бойынша, Ниссан Цефиро маркалы көлігінің 1996 жылғы жүргізушісі мен жанындағы 1997, 1998 жылғы азаматтар ұсталды. Олар Еңбекшіқазақ ауданындағы жолдардың электр сымдарын ұрлап кетуге тырысқан. Үш азаматта қазір қамауда.
«Қазавтожол» мамандары шығын көлемін де есептеген. 57 миллион теңге қаскөйлердің кесірінен шығынға баттық деп отыр
Енді біз тас жолдардағы бақылау жұмыстарын барынша күшейтеміз. Мүмкіндігімізше барлық орынға камера орнатамыз.
Компания жол бойында бейнебақылау камераларын көбейтуді жоспарлап отыр. Алайда оның өзін қаскүнемдер бүлдірмесіне кепіл бола алмайды.
Ә. Лесбек