$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбе облысында белгісіз біреулер аудандық ауруханаға жас жігіттің мәйітін тастап кеткен

AstanaTV
09.10.2019ж. 20:00
2724
Ақтөбе облысында белгісіз біреулер аудандық ауруханаға жас жігіттің мәйітін тастап кеткен

Ақтөбе облысындағы аудандық ауруханаға мәйітті тастап кеткендер ұсталды. Үшеудің біреуі ғана қылмысты мойнына алған. Ауылдастар арасындағы жанжал соң қайғылы жағдайға ұласқан аудандағы оқиға жайлы тілшіміз Бақыт Рахметова тарқатады.

Оқиға алтыншы қазан күні таңғы бестің шамасында болған. Үш жігіт Алға аудандық орталық ауруханасына қансыраған жігітті әкеліп, дәлізде қалдырып кеткен.

Ақмарал ЕШЕКЕНОВА, АЛҒА АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сол күні кезекші дәрігер Мағзұм Елдос Нұрпейісұлы қараған кезде балада «жизненных признаков не было». Уже өлікті алып келген ғой. 86 жылы туылған бала. Сосын ешқандай реанимациялық мүмкіндік болмаған соң көмек көрсететін алып келгенде өлі науқас болғандықтан криминалистерді шақырған. 

Медбикелер сол күні атүсті жүрген бейтаныс адамдардың, қара түсті көлікке отырып қаша жөнелгенін байқапты. 

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Марқұм болған жігіт 33 жастағы Ерлан Төлегенов, ол осы ауылда туып өскен. Вахта келгеннен кейін тап осы үйге қыдырып келген көрінеді.

Ерлан осы Бестамақ ауылында өскен. Он екі жасында жетім қалған оны, нағашы әжесі тәрбиелеген. Аңыраған әжесі немересін соншалық күйге түсіретіндей араларында не болғанын білмейді. Бірақ марқұмның кісі көңілін қалдыратындай мінезі жоқ еді деп еске алды.  

Ермек КӨРТЕКОВА, МАРҚҰМНЫҢ ӘЖЕСІ:

Қарасын деп талап етемін әрине. Бұл соғыс жоқ,дым жоқ. Ашық аспан астында туған жері бірге өскен бір ауылда. Сондай қатыгез жауыздық бола ма? Неге өлтірді?! Босқа өліп кеткеніне өкініп отырмын.


Полицейлер көп ұзамай ауылдан шығар тұста күдік тудырған қара көк «Лексус» автокөлігін тоқтатқан. Көліктегі үш жігіттің бірі кінәсін мойындап, суық қаруды полицейлерге тапсырған.

Майя АСҚАРҚЫЗЫ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Көлікті тексеру кезінде күдіктілердің біреуі жанжал барысында зардап шегушіге пышақ жарақатын келтіргенін, оқиға орнында көз жұмғанын айтып кінәсін мойындады. Ол полиция инспекторларына кісі өлтіру құралын-пышақты берген. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 99-бабы 1 бөлігі бойынша тергеу жүргізілде. Күдікті уақытша қамау изоляторына алынды.

Бұл оқиғада қалған екі жігіт қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде танылған. Барлығы да сол ауылдың тумалары. Олардың арасында жанжал болып арты кісі өлімімен аяқталған. Айта кетейін, марқұмның артында кәмелетке толмаған екі қыз қалды. 

Б.Рахметова