$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қ. Өскенбаев: 5-8-ші қабаттарда орналасқан хостелдерге бөлек есік шығарамыз

AstanaTV
10.10.2019ж. 20:00
2655
Қ. Өскенбаев: 5-8-ші қабаттарда орналасқан хостелдерге бөлек есік шығарамыз

Көпқабатты тұрғын үйлердің 5-8-ші қабаттарында орналасқан хостелдерге бөлек есік шығарылады. Мұндай пікірді бүгін Сенаттыңжалпы отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев айтты. Оның мәлімдеуінше, хостелге келгендер қарапайым халықтың мазасын алады. Пәтер иелері кооперативтерінің жұмысына қатысты жаңа заң жобасын мақұлдаған депутаттар бұл іс басқа жерден есік шығарумен шешілмейді деп отыр.

Қанатбек САФИНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Мына заң жобасында хостелдер туралы ұсыныстар бар. Құқықтық актінің 93 бабына сәйкес, заңның кері күші оларға әсер етпейді. Осындай хостелдерді жабу керек пе? Елде жаңа заң оларға мүлдем қолданылмайды ма?


Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

4,5,8-ші этаждарда хостел ашады да, мынау жанындағы көршілер адам тұра алмайтын жағдайға жетіп қалады. Өйткені, кім барып, кім келіп жатқанын бір Алла біледі. Хостел болуы керек, бірақ оны жеке ешкімге қиянат жасамай, кіріс те болуы керек, шығуы да бөлек болуы керек.

Сондай-ақ, отырыста апатты жағдайда тұрған 4 400 лифтіні ауыстырып, тағы 1600-не жөндеу жүргізу қажет екені айтылды. Мұны іске асыру үшін 40 миллиард теңгеден астам қаражат керек. Бұл бағытта Нұр-Сұлтан қалалық әкімшілігі қажетті сомманы тұрғындарға несие ретінде бермек. Кейін олар 15 жыл көлемінде алған ақшаны қайтаруы тиіс. Ол ай сайын 2-3 мың теңге көлемінде болады.

А. Асқарұлы