$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қарағанды облысының Үштөбе ауылында көп балалы отбасы далада қалды

AstanaTV
04.12.2019ж. 20:00
4402
Қарағанды облысының Үштөбе ауылында көп балалы отбасы далада қалды

Қарағанды облысының Үштөбе ауылында  көп балалы отбасы далада қалды. Оқыстан шыққан өрттен жалдамалы үйдің бірнеше бөлмесі мен шатыры жанып кеткен. Енді қақаған қыста қайда барарын білмей дал. Мәселенің мән- жайын тілші тарқатады.
 
Сабира Бекшебаеваның отбасы жалдап тұрған үй осындай күйге түскен. Бірнеше күн бұрын кіреберісіндегі пеш, жуынатын бөлмесі мен дәлізі, ас үйінің шатыры мен қабырғалары жанып кеткен. Сабираның айтуынша, от  пештің мұржасындағы ұшқыннан тұтанған. Әйел таңғы 4 кезінде 1 жасар сәбиінің жылаған даусынан оянғанда ғана бөлмені көк түтін басқанын сезген. Есіктің алды жанып жатқандықтан сыртқа терезеден секіріп шыққан.

Сабира БЕКШЕБАЕВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ҮШТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, КӨП БАЛАЛЫ АНА:

Түтін алып кеткен, невозможно көруге именно қай жер екенін, әйтеуір дыбыс естіліп жатты шатыр- күтір етіп жатқан, сосын балалар анау түкпір комнатада киімдерді тасып, сол жақта киіндіріп форточкадан секірдік.

Бекшебаевтар отбасының 4 баласы бар. Үлкені 15 те, кішісі 1 жасқа жаңа толған. Қазір олар туыстарының үйінде. Отбасы қазір "жалдамалы үйді қалай жөндейміз" деп қиналып отыр. Оның үстіне басқа үй жалдайтын қаржылары да жоқ.

Сабира БЕКШЕБАЕВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ҮШТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, КӨП БАЛАЛЫ АНА:

Мынаған қалай келеміз қазір, не су жоқ, не отопление жоқ, Үкіметтен сұрайтыным бір пәтерге көмек жасаса, одан артық маған ештеңе керек жоқ, әйтеуір, басымыз аман тірі қалдық қой.

Жергілікті әкім отбасының жағдайынан хабардар екенін айтты. Айтуынша, Сабира Бекшебаева биыл көп балалы ана ретінде пәтер кезегіне тұрған. Дәл қашан баспаналы болары белгісіз.

Саят ШАЯҚОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ҮШТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

Очередьте, кезекте 11- інші болып тұр. Біз әкімшлік тарапынан, мемлекет тарапынан біртіндеп бізде ауылда 5 қабатты 5 үй бар. соларға жөндеу жасайық деп жатырмыз. Сол кезде кезегі келген уақытта тапсырамыз, ол кісінің кезегі келген кезде.

Әкімнің айтуынша, аудандық бюджетте қиын жағдайға тап болғандарға қосымша қаржы қарастырылмаған. Сондықтан шенеуніктер демеуші іздейтіндерін айтты.

А. Қуаш