Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Ақтөбенің волейболдан құрама командасының мүшелері екі айдан бері жалақы алмай жүр

AstanaTV
11.02.2020ж. 20:00
3995
Ақтөбенің волейболдан құрама командасының мүшелері екі айдан бері жалақы алмай жүр

Ақтөбеде волейболшылар аштық жарияламақ. Спортшылар екі айдан бері жалақыларын ала алмай не биылғы маусымдағы жарыстарға қатыса алмай отырғандарын айтады. Волейболшылар басқа клубқа да ауысқылары келеді. Алайда облыстық волейбол федерациясының басшысы лицензияларын бермей отыр дейді. Тақырыпты тілшіміз Бақыт Рахметова тарқатады.

Бұл жігіттер Ақтөбе облысының намысын республикалық чемпионаттарда волейболдан қорғап жүрген жандар. Алдыңғы жылдары республикалық чемпионатта екі жыл қатарынан жүлделі орындар алғанбыз дейді. Ал биыл тіпті жарыстарға қатыса алмауы да мүмкін. Өйткені тендерден құр қалған.
 
Анарбек ТАҢБАЙ, СПОРТШЫ:

Біз осында тұрғандар қазіргі уақытта Ақтөбе волейбол клубы федерациясының бастығы Тәжіғұлов Мұрат Мәжитұлынан өз қағазымызды ала алмай жүрміз. Ол әр ойыншының волейболдан Қазақстан чемпионатына қатысу үшін лицензиясы. Сол лицензия бізге қайтарылмай отыр. Алайық десек ол өз правасын қойып, сендер ала алмайсыңдар дейді. Негізі контракт 31 желтоқсанда бітті.

Данияр СЕРІКБАЕВ, СПОРТШЫ:

Лицензия болмаған соң басқа не ақша төлей алмайды. Бізге уже 2 ай болды ақша төлей алмай отырғандарына. Қанша адамның кредиті бар. Бала-шағасын асырап отырғандар бар.

Қазіргі күні бұл Ақтөбе облыстық волейбол құрама командасында 15 ойыншы бар. Көпшілігі отбасының асыраушысы, кейбірі пәтер жалдап тұрады. Спортшылар бұл клубтан кететіндіктерін алдын ала жариялапты.Десе де бұрыңғы басшылары олармен келіспей отыр.

Мұратғали ТӘЖІҒҰЛОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ВОЛЕЙБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Лицензия ҚР Волейбол федерациясының регламенті бойынша бір адамға, бір командағы бір сезонға бірақ рет беріледі. Мысалы 2019-2020 маусым болса мен оларды заявить еттім ба чемпионат Қазақстанға тек сол жылы менде ғана болады олар. Егерде 31 желтоқсанда қарым-қатынас бітсе арыз жазу керек еді. Ол арыз маған түскен жоқ.

Тендерді биыл «ПОШ» спорттық сауықтыру кешені ұтқан. Олар 63 миллион теңгеге ойыншылардың жыл бойы жағдайын жасауы керек. Қазір волейболшылар клубтың жаңа иелерінде жаттығып жатқанымен, жалақыларын лицензияның жоқтығынан ала алмай отыр.

Евгений ГОНЧАРОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Біз қазіргі таңда бұл келіспеушіліктерді Республикалық волейбол федерациясының көмегімен шешкіміз келіп отыр. Өйткені бұл команда чемпионатқа қатысу керек.  Өз орнын сақтап қалу керек сол үшін. Арнайы хат жолдадық. Жуық арада солардың араласуымен мәселе шешілуі тиіс.
 
20 ақпанда Жоғарғы лиганың волейболдан республикалық чемпионаты басталады. Бірақ екі клубтың қақтығысынан зардап шегіп отырған спортшылар онда өнер көрсете алама жоқ па ол әлі белгісіз.

Б. Рахметова