$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Өзбекстаннан келген еңбек мигранттары өткен жылы еліне 108 млн АҚШ долларын аударған

AstanaTV
19.02.2020ж. 20:00
2836
Өзбекстаннан келген еңбек мигранттары өткен жылы еліне 108 млн АҚШ долларын аударған

Өзбекстаннан келген жұмысшы мигранттарға талап өзгерді. Енді олар міндетті тіркеуге тұруы керек және еңбек шарты аяқталған жағдайда еліне бірден қайтуы шарт. Екі ел арасындағы көші-қонға қатысты еңбек қызметі және құқықтарын қорғау туралы келісім, бүгін Мәжілісте ратификациаланды. Құжатта жұмысқа жалданған шетелдіктер екі санатқа бөлінген. Алғашқысы, мекемеде немесе кәсіпорындарда ресми түрде жұмыс істейтіндер. Бұлардың еңбек шарттарын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі қадағалайды. Ал, жеке тұлғаларға жалданып жұмыс істейтіндер Ішкі істер органдарының бақылауында болады.

Біржан НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

Келісім артығымен Өбекстан азаматтарын алып келіп соқпайды. Себебі, біздің елде жұмыс істеу үшін тиісті рұқсатнамалар, квоталар қарастырылған. Соның шеңберінде іске асырылады. Бірақ оның ішінде де бір қосымша талаптар бар мысалы біздің елде жүргеннен кейін біздің Заңнаманы, дәстүрді, мәдениетті сақтау жөніндегі талаптар.

Министр Біржан Нұрымбетовтың дерегінше, елдегі компанияларда қазір 19 мың шетел азаматы жұмыс істеп жүр. Олардың 800-ден астамы Өзбекстан азаматтары. Ал, жеке-меншік сектордаға құрылысшы, бала бағушы қызметіне жалданған өзбектер қатары 395 мыңға жуық көрінеді. Биылдан бастап енді олардың жұмыс орындары толықтай бақылануы тиіс. Өткен жылы, Қазақстанда жұмыс істеп жүрген өзбек азаматтары еліне 108 млн доллар ақша аударыпты. Ал, Өзбек елінде түрлі қызметте жүрген біздің азаматтар, елге 25 млн доллар қаражат аударған.

Д. Мұхаммедкәрім