$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Тараздық дәрігерлер ота жасау барысында жаға ұстатар жағдайға тап болды

AstanaTV
21.02.2020ж. 20:00
7355
Тараздық дәрігерлер ота жасау барысында жаға ұстатар жағдайға тап болды

Тараздық дәрігерлер салмағы 1 келі 200 грамм болатын нығыздалған мына шашты 13 жастағы науқастың асқазаннан алып шыққан.

Жасөспірімнің іші ауырып, асқа деген тәбетінің жоғалған. Мұны байқаған ата- анасы алғашында дәрімен емдемек болыпты. Жағдай қиындаған соң қалалық балалар ауруханасына алып келген. Дәрігерлер тексере келе асқазанында бөгде заттың бар екенін анықтапты. Науқасқа дереу ота жасалып, асқазаннан нығыздалған шашты алып шыққан. Мамандар мұндай мөлшердегі шаш 5-6 жылда жиналуы мүмкін емес деп отыр. Орайы келгенде айта кетейік, дәл осындай жағдай аймақта 5 жыл бұрын тіркелген болатын. Ол кезде 11 жастағы қыздың асқазанынан шығарылған еді.

Маулім КЕНЖАЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:
 
Қыл шашпен асқазан толық соның формасын алған. Бұл баланың кішкентай кезінен қалыптасқан әдеті. Тырнағын тістейді. Кейбір балалар шашын ауызына салып жүреді. Сол әдетпен қалыптасады. Ол нақты бір потология деп айту өте қиын.

Б. Жұмабай