$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мемлекеттік органдардан бизнеске берілетін қызметтер тізімі жыл соңына дейін таныстырылады

AstanaTV
05.10.2017ж. 20:00
2322
Мемлекеттік органдардан бизнеске берілетін қызметтер тізімі жыл соңына дейін таныстырылады

Мемлекеттік органдардан бизнеске жолданатын қызметтер тізімі жыл соңына дейін таныстырылады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрінің орынбасары мәлімдеді. «Нұр Отан» партиясының бастамасымен өткен кеңесте кәсіпкерлікті қолдау жайы талқыланды.

Өзін өзі реттеу туралы заң 2015 жылы қабылданған. Алайда оның кей механизмдері әлі толықтырылып жатыр. Жасақтау барысында мемлекеттік қызметкерлердің 15 мыңға жуық функциясы қаралған. Нәтижесінде есеп және тәуелсіз бағалау сынды қызметтерді бәсекелі  ортаға беру жоспарланып отыр. Ал ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері берген ақпаратқа сай, әзірге Қазақстанда өзін өзі реттейтін не бары 4-ақ ұйым тіркелген. Оның үстіне мемлекеттік мекемелердің өзі кей функцияларын бәсекелесі жоғары ортаға бергісі келмейтін жағдайлар да кездеседі екен. 

Ғалия Жолдыбаев, ҚР ҰЭМ кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры:

Өзін өзі реттеу деген - лицензия беру, рұқсатнама беру, өзін өзі бақылау жұмыстарын жүргізу болады. Осы функцияның барлығы ұйымдарға өтеді. Бірақ сыртынан қарағанда, ұйымдардың үстінен жетекшілік етіп бақылап отырады.

Айжан Бижанова, "Атамекен" ҰКП басқарушы директоры:

Біз бұл жұмыстарды кім мойнына алады деп қараған кезде, бәсекеге қабілетті орта деп, бірінші жеке кәсіпкерлік субъектілер мен кәсіпкерлерді сөз еттік. Бұлар осы қызметті өздеріне ала алады. Мысалға, нотариустар мен адвокаттар қоғамдық бірлестіктер де бұл функцияларды атқаруға қауқарлы.