$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Үш мыңнан астам Қазақстан азаматы шетелдің түрмелерінде отыр

AstanaTV
05.10.2017ж. 20:00
2119
Үш мыңнан астам Қазақстан азаматы шетелдің түрмелерінде отыр

Үш мыңнан астам Қазақстан азаматы шетелдің түрмелерінде отыр. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Владимир Волков мәлімдеді.

Владимир Волков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Ресми статистика бойынша қазір 3056 Қазақстан азаматы шетелде сотталған. 1278 шетелдік біздің түрмелерде отыр. Олардың бәріне құқықтық қолдау керек. Қазақстанға  туристердің қызығушылығы артып келеді. Мәселен, 2016 жылы елімізге 170 мемлекеттен 6,5 миллион турист келген. 10 миллионға жуық жерлестеріміз шетелге барған. Олар, өкінішке орай, түрлі оқиғаларға тап болады. Мұндай келісімдер азаматтарымызды қайтаруға септігін тигізеді.

Жоғарғы палата Қазақстан мен Сербия арасында сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялады. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, биыл Қазақстан 80-нен астам шетел азаматын туған жеріне қайтарған. Ал сотталған сегіз шетелдікті елдеріне бермеген. Олар біздің түрмелерде отыр.

Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

Жыл сайын 100-ден астам адамды біз өзіміз береміз. Бізге де, былтырға келетін болсақ, 103 азамат біздің сұрауымыз бойынша Қазақстанға берілді. 85 азаматты біз басқа елдердің сұрауымен біз оларға беріп отырмыз.