Иран және Қытай елдерімен шекаралардың жабылуы- фермерлерді тығырыққа тіреді. Шымкенттік мал бордақылаушылар- мал етін өткізуде қиындықтар туғанын айтады. Есесіне- жергілікті халық дән риза. Шекара жабылғаннан кейін, базардағы баға қандай?. Әріптесім Айзада Төребекқызы бағамдап көрді.
Кәсіпкерлер палатасындағы дөңгелек үстел басына жиылғандар, құс пен мал шаруашылығын дөңгеленткендер. Ірі қара малдың етін бордақылаушы шаруашылық, еттің өтпей жатқанына шағымданды. Дайын өнімді тек Шымкент Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларына ғана өткізумен шектелген.
Тахир НЫШАНОВ, КӘСІПКЕР, ҚАРАТАУ АУДАНДЫҚ ФЕРМЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Негізгі алушыларымыз Қытай еді. Өзбекстанға тірідей сатқанбыз. Ал қазір Қытай жабық тұр, Иран да жабылды. Былтыр субсидия алғандықтан несие рәсімдеп, мал басын көбейткен едік. Енді сонша малды ешқайда сата алмай отырмыз. Тіпті Өзбекстанның өзі бүгінгі күні тірідей өткізуге тиым салды, сойып өткізуге ғана рұқсат бар.
Ет әлеуметтік маңызды азық-түлік қатарына жататындықтан мал бордақылаушылар субсидия беруді сұранып жүр. Шаруалар тым болмаса мал азығы мемлекет тарапынан қаржыландырылса дейді. Айтпақшы, шетелге экспорт шектелгесін базардағы бағаның түсуі заңды. Біз базарлардағы бағаны білдік. Мал өнімі жеткілікті көрінді. Сиыр етінің құны түскен. Шекараның жабылғанына әсіресе ет сатушылар қуанып отыр. Өйткені былтыр сататын ет таппай қалғандарын айтты.
Майра ОСПАНОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Еттің бағасы түсті. Осы бағасымен алып жатырмын. Бәрі жақсы.
-Қанша теңге арзандаған? - 100 теңге...
Фарида АСҚАРОВА, САТУШЫ:
Мякоть -2 400-ден беріп жатырмыз, сүйегімен ет - 1850, 1800 болып жатыр, 1900 -ден де беріп жатқанбыз, қазір енді 1850 ден беріп жатырмыз. Баға түсті мына граница жабылды. Баға түсті қазір енді жақсы.
Еттің қымбаттап кетуі әсіресе қазекеме қиын соққанын жасырып қайтеміз. Алымсақ азайғанын саудагерлер де байқап жүр. Халық ет жеуді қойған дейді сатушылар. Үйіп-төгіп алмаса да қала тұрғындары бірер келіден әкетіп жатқанына өзіміз де куә болдық.
Жомарт АМАНЖОЛОВ, САТУШЫ:
Өтпей жатыр ғой, сауда жоқ қой. 0айта ет арзан боп тұр ғой. -Өтімі? -Өтімі жоқ. Халықтың жағдайы жоқ. Күніне қанша сатып жатырсыздар?- екі қой -үш қой сатамыз.
Айтқандай, әлемді шошытқан короновирусқа байланысты дүрліккен жұрт жаппай азық-түлікті көтере сатып алып жатыр деген әңгіме тарағаны белгілі. Осы сауалды ет сатушыларға да қойып көрдік.
Ғазиза АЙДАРБЕКОВА, КӘСІПКЕР:
Ажиотаж жоқ. Нормально все. Өзгеріс жоқ ешқандай. -Бүгін ше?-Бүгін шамалы жәй болып жатыр.
Өзгермеген қой еті ғана. Иранға кетіп жатыр деген себеппен жаңа жыл қарсаңында шарықтап кеткен баға әлі сол қалпы тұр. 1800-2000 теңге аралығында.
А. Төребекқызы