$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Бауыржан Байбек Жамбылға жұмыс сапарымен барды

AstanaTV
12.03.2020ж. 20:00
3482
Бауыржан Байбек Жамбылға жұмыс сапарымен барды

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары өңірлердегі жұртшылықпен кездесуді жалғастыруда. Бұл жолы Жамбыл облысына жұмыс сапармен барған Бауыржан Байбек, бірқатар елді мекенді аралады. Ондағы әлеуметтік мәселелер мен тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсатруға аса мән берді.

Бауыржан Байбек Әулиеата өңіріндегі жұмыс сапарын батырлар туған мекен - Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылынан бастады. Онда кәсіпкер әйелдермен кездесіп, микробизнесті дамыту жайын талқылады. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында өз кәсібін ашқандардың арасында көпбалалы аналар да баршылық. Бүгінде олар өз отбасыларын қамтамасыз етіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашып, салық төлеп, сондай-ақ, қоғамдық өмірге де белсене ат салысуда.

Асима ШҮКЕЕВА, КӘСІПКЕР:
 
Мен көпбалалы анамын. 2013 жылдан бері жеке кәсіпкермін. Мемлекет қолдауын сезініп, бүгінде аяққа нық тұрғаннан кейін өзім қоғамға пайдам келтірсін деген мақсатпен өзім сияқты көпбалалы аналардың балаларын биылғы оқу жылында тегін білім алып жатыр.


Бауыржан Байбекің айтуынша дәл осындай белсенді азаматтық ұстанымы бар әйелдер әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіруі тиіс дейді. Олар алдағы партияішілік праймеризге қатысуы қажет деп санайды.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Партия тарапынан да Елбасы айтып жатыр. Билеуші партия ретінде біз іріктеуді жоспарлап отырмыз. Іріктеуге әрбір Мәслихат ең кемінде 30 процент әйел азаматтар болуы керек деп жатыр. Сондықтан Нұр Отанның негізгі мақсаты проблемаларды ашып, көтеріп, талқылап, бюджеттің мүмкіндігіне қарап бос сөзді айтпай нақты істермен халыққа дәлелдеу керек.

Сондай-ақ, сапар барысында жоспардан тыс қуаттылығы 100 МВт болатын «Бурное SOLAR» күн электр стансасының жұмысымен де танысты. Жыл соңына дейін облыста баламалы энергияның тағы төрт көзі пайдалануға беріліп, олардың үлесі 17% -дан 22% -ға дейін артатынын білді. Сонымен қатар Бауыржан Байбек Тараздық зиялы қауым өкілдері мен жастар, кәсіпкерлер және білім беру қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде Елбасының тапсырмасы бойынша, «Nur Otan» алдағы 5 жылға әрбір облыс, аудан және елді мекенді дамытуға арналған ұсыныстар әзірлеп жатқанын жеткізді. 216 аймақтық бағдарламада проблемалар мен қажеттіліктер ғана емес, оларды шешудің нақты жолдары да көрсетілмек. Партия төрағасының бірінші орынбасары кезектен тыс конференцияға қатысып, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевты «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы деп таныстырды. 

Бас мейман сапарының екінші күнінде Қордай ауданы Масаншы ауылына ат басын бұрды. Ондағы бастауыш партия ұйымы мүшелерімен және аудандық фракция депутаттарымен кездесті.  Өзара пікірлесіп, аудандағы ахуал мен жасалып жатқан жұмыс барысына ден қойды.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Барлық қиын жағдайлардан сабақ алып өзіміз, соны ашық партия алаңында талқылауымыз керек. Кез келген адам Қазақстанның азаматы атанды ма , қолында паспорты бар ма,  сыйлау керек! Тілді, мәдениетті. Ең бастысы заңның үстемдігі. Кезе келген адам ұлтына қарамастан, тіліне қарамастан, әлеуметтік жағдайына қарамастан, дініне қарамастан бәрі заңның алдында тең!

Партия мүшелері, депутаттармен кездескеннен кейін тұрғындардардың да пікірін тыңдауды ұмытпады. Ауылдың ақсақалдарымен әңгіме құрып, ой бөлісті.

Тұрғын ЖАСЫБАЕВ, ҚАРАСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінде біздің мемлекетіміз күн сайын емес сәт сайын өркендеп өсіп  келеді. Осының барлығы алыс жақынды нақтаған Назарбаевтың арқасы. Мәнекей, өзің айтқандай шекараның барлығын 150 шегемен шегелеп тұрып бекітіп берді. Мына Қырғызстан не болып жаатыр. Сондай қиын уақытта осындай астананы кім соғады? Сол астанамен мақтанбайтын қазақ бар ма айтшы.

Сапар соңында «Жастар - Отанға» партиялық жобасы аясында «Жас кәсіпкер» бағдарламасы гранттарының жеңіпаздарымен жүздесті. Оларға мемлекет берген мүмкіндік арқылы  кәсіпті кеңейту керек екенін айтты. Сондай-ақ,  алдағы ауқымды саяси науқан - партияішілік праймериз жүргізу жұмысына белсенді қатысуға шақырды.

Б. Жұмабайұлы