$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Электрондық үкімет порталына 100 миллионнан астам өтініш түскен

AstanaTV
07.04.2020ж. 20:00
2616
Электрондық үкімет порталына 100 миллионнан астам өтініш түскен

Электрондық үкімет порталына бір күнде 100 миллионнан астам өтініш түскен. Ұлттық ақпараттық технологиялар акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Әсет Тұрысов бұл рекордтық көрсеткіш деп отыр. Карантинге дейін сағатына 600 мың адам пайдаланып жүрген болса, қазір бұл сан 15 миллионға дейін өскен. Әсет Тұрысов электрондық үкіметке сұраныс 20 есеге артқанын айтты. Осының салдарынан порталда ақаулық орнағанын жасырмады. Алайда қазір келеңсіздіктер реттелді деп отыр.

Әсет ТҰРЫСОВ, "ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:


Төтенше жағдай режимінде электрондық үкіметтің барлық архитектурасын қайта қарауға, жүйенің жұмысқа қабілеттілігі бойынша барлық техникалық сауалдарды қарауға тура келді. Қысқа мерзім ішінде ол қайта жасалды. Штаттық режимде жұмыс жүріп жатыр. Алдағы уақытта мұндай проблемалар болмайды.


Ал 42500 теңге көлеміндегі жәрдемақығы 1 миллионнан астам азамат өтініш беріп үлгерген. Әсет Тұрысов өтініштерді жылдам қабылдау үшін елдің барлық аймағында Telegram-бот іске қосылғанын айтты. Екі күн ішінде бот арқылы жарты миллионға жуық өтініш қабылданған. 600 мыңнан астам адамға, SMS арқылы жауап жіберіліпті.

Ғ.Өтемісов