$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Нақты ұсыныңыз болса, "Nur Otan" жақтастары Лигасына" келіңіз! - Ж. Әжімжан

AstanaTV
17.06.2020ж. 20:00
2235
Нақты ұсыныңыз болса, "Nur Otan" жақтастары Лигасына" келіңіз! - Ж. Әжімжан

Жалпы, қоғамда сын көп. Кемшілікті түзету үшін, қоғамның дамуына бірлесіп атсалу керек. Елдегі саяси қоғамдық процестердің өзекті мәселелері талқыланған жиында, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әжімжан осылай деді. Ол нақты ұсынысы бар белсенділерді "Nur Otan" жақтастары Лигасына" шақырады.

Жанарбек ӘШІМЖАН, «АНА ТІЛІ» ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ:


Біз партияның мүшелері емеспіз. Бұл жаңағы идеяның авторы ретінде жігіттер, Ерлан Сайыров мырза айтқан кезде, біраз ойландық. Бұл қалай болады екен деп. Қоғам тарапынан қалай қабылданады екен деген ойлар болды. Сөйтіп, ойлана келе, шынын айтқан кезде, бізде қоғамдық саяси күштер бар. Бірақ нақты көзге көрініп тұрған күш жоқ. Нақты осы Үкіметті, нақты осы Параламентті, нақты мемлекеттік билік жүйесін, кішкене консенсусқа шақырып, жұмыс істейтін күш болмай тұр. Сол себепті осы алдағы үлкен сайлау келе жатыр. Соның қарсаңында праймериз мәселесі. Негізгі жаңадан енген жүйе. Осы жүйеге біз қалай ықпал етеміз. Халықты қалай осыған жұмылдырамыз. Ашық алаң пікірін жасайық. Келіп, әркім алаңдарда, әр түрлі орталарда, үйде, түзде талқылап, сынап қоғамды. Сөйтіп жатқанша, нақты ұсынысыңызбен келіп, соған ықпал етейік. Жалпы, қоғамда сын көп. Бұл партияның ұсынысы емес. Жеке өзіміздің азаматтардың ұсынысы болған соң, Қазақстан халқының, қазақ елінде болып жатқан түрлі жағдайларды ашық талқыға шығару арқылы, кішкене қоғамдық жүйеге, мемлекеттік ықпал етсек, деген негізгі мәселе. Меніңше, мұның шешімі дұрыс болады ғой деп ойлаймын. Бұл бір кезекті бір саяси жоба емес.

А. Мүтәлі