Мал жаятын жер таппай дағдарып қалған, Батыс Қазақстан облысы Махамбет ауылы тұрғындарының мәселесі оң шешімін тапты. "NUR OTAN" партиясының облыстық филиалы араласқаннан кейін ауылдықтарға 80 гектардай жер берілетін болды. Жайылым мен шабындық жерден тарыққан ауылдықтар төрт түлікті қалалық саяжай маңында бағып жүргенін "ASTANA TIMES"-та көрсеткен едік. Тұрғындар "NUR OTAN" партиясының қоғамдық қабылдауына да шағым айта барған. Ал кәсіпкер шетелден қыруар қаржыға алдырған асыл тұқымды сиырлары ауыл малымен араласып, бруцеллез жұқтырып, шаш-етектен шығынға батқанын айтады. Дегенмен ауылдықтардың ыңғайына көніп, жерінің бір бөлігін беруге келісті.
Нұрбек ЕЛЕМЕСОВ, КӘСІПКЕР:
Өзіміздің шаруа қожалығында да негізі жер тар. Бірақ халықтың жағдайын түсіне отырып, "NUR OTAN" партиясынан осындай ұсыныстар түсіп жатқаннан кейін қазір "Гипрозем" мекемесінің мамандарымен аудандық жер бөлімінің мамандарымен жұмыс істеп жатырмыз осы жердің бір бөлігін қайтару мақсатында. Арызымызды тапсырдық.
Бүгінде Батыс Қазақстан облысының аумағында 1,5 миллион гектардан астам жер игерілмей бос жатыр. Мәселені бақылауына алған нұротандықтар тығырықтан шығар жолды іздестіруге кірісті. Жалпы роеуспублика бойынша жеке қожалықтарда мал басы 6 миллионнан асады. Мұнша мал еркін жайылуы үшін 32 миллион гектар жер керек.
Нұрғиса КАМАШЕВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ БҚО ФИЛИАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Қазіргі таңда 79 гектар жер берілді мемлекеттік қорға. Шаруа қожалығына қосымша басқа жер берілген жағдайда, қазір енді заң аясында жұмыстар жүргізіліп жатыр рәсімдеу. Сол рәсімделіп біткеннен кейін барып толыққанды 249 гектар жердің барлығын ауыл тұрғындарының пайдасына игілігіне пайдалануға береміз.
Е. Карин