Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Дәрі-дәрімек бағасын өсіргендер лицензиядан айрылуы мүмкін - "Nur Otan" партиясы

AstanaTV
23.07.2020ж. 20:00
2116
Дәрі-дәрімек бағасын өсіргендер лицензиядан айрылуы мүмкін - "Nur Otan" партиясы

Дәрі-дәрмек тапшылығын тудырып, препараттардың бағасын әдейі көтеретін дәріханаларды лицензиясынан айыру керек. Қара тізімге шағын дүкендерден бастап, ірі сауда желілерін де енгізу қажет. Шығыс Қазақстан облысындағы партиялық бақылау тобы осындай ұсыныс тастады. Олар қаладағы дәріханалар кезекті мониторинг жүргізді.
 
Ал фармацевтер тауар жеткізушілермен бірігіп қажетті дәрілердің тізімін күнде жаңартып отыратынын айтты. Олар дене қызуын түсіретін препараттарды бір адамға 2 қаптамадан артық сатпайтын болған. Соған қарамастан, парацетамол, аспирин сынды дәрігер мен антибиотиктер түске дейін сатылып кететінін жеткізді. Партиялық бақылау тобының өкілдері халық әлі де дәрілерді үйіп-төгіп алып жатқанына көз жеткізді. 

Виктор ДАК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Посткеңестік мемелекеттердің халқы тапшылықтың не екенін жақсы түсінеді. Сондықтан олар қажет болмаса да, заттарды артығымен сатып алуға бейім тұрады. 

Исатай ИСИН, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Әлеуметтік желілерде өте көп ақпарат тарап жатыр. Екінші толқын болады, оған дәрі-дәрмекті бүгіннен бастап артығымен алуды насихаттап үрей туғызатындар да бар. Бұл дұрыс емес. Өздеріңіз көріп отырғандай жағдай біртіндеп реттеліп келеді. Қазір ірі фармацевтикалық орталықтарда дәрі-  дәрімектің қоры бар. Олардан дәрілер жеткізіліп отырады.

Ғ.Өтемісов