Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Алматыда қисайған үйлердің саны артқан

AstanaTV
23.07.2020ж. 20:00
2123
Алматыда қисайған үйлердің саны артқан

Бұрыңғы Алғабас, бүгінгі Зерделі ықшам ауданында қисайған үйлер көбейген. Жылдар бойы баспана кезегіне тұрып, әупірімдеп жеткен пәтер бір күнде қирап қалуы мүмкін деген үрей тұрғындарда сейілер емес. Қасеновтер отбасы бұл баспананы 28 жыл күткен. Бірақ қазір қуаныштан гөрі, қирандының астында қаламыз ба деген қорқыныш басым екенін айтады. 

Ерік ҚАСЕНОВ, ТҰРҒЫН:

Қорқынышты, немеремізге қорқасың ертең бірдеңе болып қалса, түн ішінде бір жағдай болып қалса, жер сілкінсе жетінші қабаттан секіре алмайсың да, қалай қашып құтыласың?


Пәтер иелері коперативінің өкілі Дана Рахимова да осы көп қабатты үйде тұрады. Оның айтуынша, Зерделі ықшам ауданында 30 үйдің сапасы сыр берген. Қабырғадағы сызаттар ұлғайып, есік пен терезе жабылмай қалғандары да бар деді. Сондай-ақ, ықшам аудан тұрғындарының басым бөлігі әлеуметтік топ өкілдері екен.

Дана РАХИМОВА, ПӘТЕР ИЕЛЕРІ КООПЕРАТИВІНІҢ ӨКІЛІ:

Ықшам аудандағы барлық үй қисайған. Біреуі 5, екіншісі 10, тіпті кейбіреуі 30 сантиметрге дейін қисайғандары бар. Ал, біздің үй 20 сантиметрге шалқайып кеткен. Негізі 15 сантиметрден асса қауіпті саналады. Сондықтан біздің мұндағы әр сәтіміз қазір қауіпті. Әкімдікке айтып, шаршадық. Үйдің іргетасын бекіту жұмыстарын уақытша тоқтатып тастапты.

Қала билігі жағдайдан хабардар. Олар мұндағы келеңсіздіктерді кезең-кезеңмен реттеп келе жатқандарын айтып ақталды. Дегенмен, бес жылда бар болғаны 7 үйдің іргетасын бекіткен. Қалған 23 көпқабатты баспана, алдағы уақыттың еншісінде деп отыр.

Сапар НҰРАШЕВ, АЛМАТЫ қ. ЖАЙЛЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бізде 24 үй қалған, сол 24 үйдің біреуі 197-ші үй, оны біз жасадық. Қалып тұрған 23 үй. Енді ол үйлерге «ҚазҚСҒЗИ» АҚ өзінің тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тағы да 6 үй бойынша бізге қорытындыларын берді. Жұмыстарымызды осы жылдың аяғына дейін жалғастырамыз. Биылға бітпеген үйлерді келесі жылы да бұл жұмыс әрі қарай жалғасады.

Тұрғындары жиырма сантиметрге шалқайып кетті деген, мына 151-ші үйге қатысты нақты шешім әлі жоқ. Басқарма кі айдан кейін дайын болады деді. Демек оны бекіту жұмыстары алдағы жылдың еншісінде қалмақ. Өйткені, кезекті тұрған алты көпқабатты баспана бар.

Аршын КЕМЕЛЖАН, ТІЛШІ:

Дәл қазір 160-шы үйдің іргетасы қатайтылып, тағаны бекітілуде. 151-ші үйдің тұрғындары да дәл осындай жұмыстарды талап етеді. Алайда, олардың сапалы болатынына сенімсіз.

А. Кемелжан