Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Елбасы Н. Назарбаевқа жаңа мәртебе берілді

AstanaTV
27.08.2020ж. 20:00
5485
Елбасы Н. Назарбаевқа жаңа мәртебе берілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мәртебе берілді. «Ядролық сынақтардан азат әлем үшін чемпион» атағы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының арнайы сессиясында табысталған. Бұл туралы  Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабар таратты. Аталған ведомстваның мәліметінше, Тұңғыш Президентке мұндай құрмет, қарусыз әлем құруға қосқан тарихи үлесі үшін беріліп отыр.

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ:

Елбасының 1991 жылы 29 тамызда әлемнің ең ірі ядролық полигондарының бірі – Семей ядролық полигонын жабу туралы шешімі, адамзат тарихындағы бұрын-соңды болмаған ядролық сынақтарға алғашқы заңды тыйым ретінде ғана емес, сонымен бірге Халықаралық күнді белгілеу үшін маңызды негіз болды.


А. Мүтәлі