Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қарағандылықтар "ҚР Конституциясына 25 жыл" төсбелгілерімен марапатталды

AstanaTV
27.08.2020ж. 20:00
2091
Қарағандылықтар "ҚР Конституциясына 25 жыл" төсбелгілерімен марапатталды

Биыл - Ата Заңға 25 жыл. Осыған орай Қарағандыда онлайн кездесу өтті. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек, әр салада елеулі еңбек етіп жүргендерді мерейтойлық төсбелгімен марапаттады. Мұндай құрметке аймақтағы 448 тұрғын ие болды. Марапат олардың үйлеріне жеткізілетін болды.

"Жасампаз Қазақстанның Конституциясы – ел бірлігі мен тұтастығының  мызғымас кепілі" деп аталды. Ол Конституция күнімен қатар, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толуына орай өткізіліп отыр. Мерекелік жиынға ғалымдар, мемлекеттік қызметкерлер, көп балалы аналар да қатысты. Аймақ басшысы Конституцияның өзегі, ол - адамдардың тең дәрежеде өмір сүруі,- деді.   

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Қазақ жерінде тұрып жатқан әртүрлі ұлт өкілдерінің этностық діни және өзгеде сипатына әлеуметтік теңіне қарамастан, барлығының тең жағдайда өмір сүруі туралы ереже біздің Конституциямыздың  конституциялық қағидатымыздың басты өзегі болып табылады.

Тарихи күнге орай, әкім ел дамуына өзіндік үлес қосып жүргендердің бірқатарының кеудесіне төсбелгі тақты. Олардың қатарында Қарағанды Экономикалық университетінің ректоры Ерқара Аймағамбетовте бар.

Ерқара АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

Егер мемлекет мықты болсын десек, дүниежүзінде мерейі жоғары болатын болса, бұл Ата Заңды өмірге келген кішкентай кезінен бастап әр азамат,өзге ұлт өкілдері соны ұстану керек сақтау керек.

"Қазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл" мерейтойлық медалімен өңірдегі 448 азамат марапатталмақ. Аймақ атқамінерлері карантинге байланысты, төсбелгілерді олардың үйлеріне апарып табыс ететін болды.

А. Еркебаева