Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Түрмеде жазасын өтеп жатқандарға жақындарымен кездесеуге рұқсат беріледі

AstanaTV
04.09.2020ж. 20:00
3845
Түрмеде жазасын өтеп жатқандарға жақындарымен кездесеуге рұқсат беріледі

Түрмеде жазасын өтеп жатқандарға жақындарымен кездесеуге рұқсат беріледі. Қазір ол мекемелердің санитарлық дайындығы тексеріліп жатыр. Бұл туралы, Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлап отыр. Еске сала кетейін, жазасын өтеушілерге туыстарымен кездесу, пандемияға байланысты уақытша тиым салынған. Бұл шектеу енді ғана алынып отыр. Ереже жеңілдегенімен кейбір шектеулер сақталады. Мысалға, ұзақ мерзімді кездесулер 2 тәуліктен аспауы керек. Түрмедегі жақынын көру үшін туыстары алдын ала жазылуы тиіс. Ал, жазасын өтеуші кездесуден кейін 14 күнге оқшауланады.

Ақерке ЖАУБАСАРОВА, ҚР ІІМ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бұл кездесулерге рұқсат тек Атырау облысына берілмейді. Себебі ол жақта 14-ші қыркүйекке дейін карантин ұзартылған. Соған байланысты ұзақ мерзімді кездесулерге әлі рұқсат жоқ.

Ә. Өмірзақ