$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Карантин басталғалы 260-қа жуық әйелдер мен балалар дағдарыс орталықтарына орналастырылыпты

AstanaTV
06.11.2020ж. 20:00
2076
Карантин басталғалы 260-қа жуық әйелдер мен балалар дағдарыс орталықтарына орналастырылыпты

Карантин басталғалы көбейген отбасылық зорлық-зомбылыққа әлеуметтік жағдай себеп болған. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мамандары осылай деді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жыл басынан бері артқан. Дағдарыс орталықтарына 260-қа жуық әйелдер мен балалар орналастырылыпты. Тәртіп сақшылары күйеуінен қорлық көргендер арыз жазуға қарсылық танытатынын айтады. Дегенмен пандемияда отбасындағы психологиялық ахуалды нашарлатты деп отыр. Жұмыссыз отырғандар ішімдікке құмартқан.

Гүлмира ШРАХМЕТОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. ПД ӘЙЕЛДЕРДІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫСЫ:

Жыл басынан бері отбасылық қысым көрсеткен мыңға жуық азамат жауапкершілікке тартылды. Көбіне жәбірленушілер арыз беруден бас тартады. Олар күйеуінің сес көрсетуінен немесе отбасын сақтап қалу үшін осындай қадамға барады. Бұл - көрсеткіш азаймай тұр. Алайда оның алдын-алу шаралары қарастырылатын болады.

Ғ.Өтемісов