Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

"Адалдықтар" үгіт-насихат жұмыстарын үш өңірде өткізді

AstanaTV
15.12.2020ж. 20:00
2669
"Адалдықтар" үгіт-насихат жұмыстарын үш өңірде өткізді

Ал, "ADAL" партиясының жақтастары үгіт-насихат жұмыстарын республиканың үш аймағындағы елді-мекенде жалғастырды. Ол Алматы, Шымкент қалалары мен Павлодар облысы.

Жұмыссыздар санын азайтуды көздеген "ADAL" партиясы, Алматыда бос орындар жәрмеңкесін өткізді. Іс-шара саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасындағы бес бағытының негізгілерінің бірі.
 Ұйымдастырушылардың айтуынша, оңтүстік астанада туризм мен қызмет көрсету саласында сұраныс жоғары. Сонымен қатар қалада жеке кәсіптің үлесін көбейту де партия мақсаттарының бірі, дейді, саяси ұйым мүшесі Ғани Абадан. Бір күндік жәрмеңкеге 47 компания қатысқан. Онда 300-ден аса жұмыс іздеуші келіп, түйіндемелерін қалдырыпты.

Ғани АБАДАН, "ADAL" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
 
Біздің бағдарламада бес қадам бар. Сондағы барлық қадамдарды бір қадамға біріктіретін болсақ, ол біздің Қазақстан халқының бай болуы. Әр филиалдың өз алдына қойған мақсаттары бар және қадамдары. Біздің филиалдың мақсаты Алматы қаласы кәсіпкерлердің қаласы және туризмнің қаласы, осы бағытта жүреміз.

"ADAL" партиясының мүшелері шымкенттіктерменде кездесті. Ережесіз жекпе-жектен әлемнің екі дүркін чемпионы Ардақ Назаров қоғамның өзекті мәселелеріне тоқталды. Спортшы әсіресе, мұқтаж отбасыларды баспанамен тегін қамту қажеттілігін көтерді. Ол үшін арнайы қор құратын жоспарлары бар екен. Тек оның бүге-шүгесін әзірге құпия ұстауды жөн көріпті.

Ардақ НАЗАРОВ, "ADAL" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Осы бағдарламаларды біз өзі дайындап жатқан оны міндетті түрде үкіметке ұсынамыз және сол бағдарламалардың іске асуын қадағалаймыз құдай қаласа.


Пария бүгінгі үгіт-насихат жұмыстарын Павлодар облысында қорытындылады. Олар 2 күннің ішінде 5 аудан халқымен кездескен. Мұнда тұрғындар игерілмей жатқан жерлердің мәселесі мен ауыз судың жайы сөз етті.

А. Данияр