$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Nur Otan» өкілдері жоғарғы оқу орындарындағы ұстаздармен кездесті

AstanaTV
30.12.2020ж. 20:00
1956
«Nur Otan» өкілдері жоғарғы оқу орындарындағы ұстаздармен кездесті

«Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихат тобы, Алматыдағы жоғары оқу орындарының ұстаздарымен кездесті. Тараптар білімді жастарды әлемдік деңгейге көтеру жайын талқылады.

Алдымен Қазақ Ұлттық Университетке ат басын бұрды. Партиялықтар дамушы мемлекеттердің басты бағыттарының бірі – білім саласындағы сапа екенін еске салды. Сайлауалды бағдарламада да осы салаға ерекше көңіл бөлінген. Ел ішіндегі білім беру саласын әлемдік деңгейге көтеру екенін айтты. Мұнан соң медициналық университет ұжымымен де кездесті. Бүгінгі күннің батырлары - дәрігерлер екенін алға тарта отырып, келесі жылдан бастап салаға бөлінетін қаражаттың еселенетінін жеткізді. Ақ халаттылардың жалақысын да 2023 жылға дейін 500 мың теңгеге көтеруді көздеп отыр.

Дана НҰРЖІГІТ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Әлеуметтік салаға салынатын 20 трлн-дық бюджет бұрын-соңды болмаған. Ал, әлеумет дегенде бұл денсаулық саласы. халықтың дені сау болмаса, біз қалыс қаламыз. Ал, Конституциямызда айтылған адам өмірі, денсаулығы Қазақстан мемлекетінің ең басты құндылығы делінген. Сондықтан осыны жүзеге асыру үшін біз еңбек етуіміз керек. Осының бәрі Нұр Отан партиясының сайлауалды платформасында жазылған.


Партия жақтастары қаладағы мүмкіндігі шектеулі жандармен де жүздесіп, проблемаларын тындады. Олар көп жерлерде мүгедектердің құқығы ескерілмейтініне шағымданды. Алматыда 2013-2019 жылдар аралығында 3 мың нысанның кіреберісіне пандус жасалыпты. "Nur Otan" мүгедектерге арнайы орталықтар ашпақшы. Үгіт-насихат тобы қаладағы заманауи кәсіпорындарда да болды. Жылыжайдың жұмысымен танысты. Кездесу барысында шағын және орта кәсіпті дамытудың тетіктерімен бөлісті.

А. Кемелжан