Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

АҚШ-тың жаңа Президенті Джозеф Байденнің ұлықтау рәсімі өтеді

AstanaTV
20.01.2021ж. 20:00
1702
АҚШ-тың жаңа Президенті Джозеф Байденнің ұлықтау рәсімі өтеді

Бірер сағатта АҚШ-тың 46-шы Президенті Джозеф Байденді ұлықтау рәсімі өтеді. Бірақ, оған Ақ үйдің қазіргі басшысы Дональд Трамп қатыспайтынын айтып отыр. Ол, жақын арада жақтастары мен жұбайы Милания қолтықтап Флорида штатына аттанбақ. Ал, қоштасу сөзін Трамп кеше жариялап қойды.

Сарапшылардың айтуынша, Дональд Трамп - АҚШ тарихында, миллионер Президент және "бір түрлі" басшы ретінде қалмақ. Трамптың қабылдаған шешімдері түрлі ұйымдарды ғана емес америка жұртын да таң қалдырып жатты. Ал, сынаған ақпарат құралдарын ол, "Жалған ақпарат таратушылар", деп атады. Ойын ол күні кешеге дейін туйттер арқылы жеткізіп жүрген.

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Шешім қабылдағанда оңай жолды таңдамадым, өйткені көтерілген мәселелер өзекті болды. Барлық жағдайда халықтың қажеттілігін ескеріп отырдым. Жеткен жетістіктеріміз болашаққа үлкен мұра болады деп сенемін.


Трамп көп уәдесінде тұрмады. Оның ішінде заңсыз мигранттар мәселесі бар. Келімсектер АҚШ-та сол беті өріп жүр.

Өз жетістігі ретінде Трамп, ешкімге соғыс ашпағанын атап өтті. Тіпті бітімгер болуға тырысқан. Дәлел ретінде ол, Таяу Шығыстағы келісімдерді келтірді.

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:


Мен ешқандай соғыс бастамаған Президент болғанымды мақтан тұтамын. Батыл дипломатиялық шешімдердің арқасында Таяу Шығыста бірқатар тарихи бейбіт келісімдерге қол жеткіздік. Жаңа дәуір басталады, сарбаздарымызды үйге қайтарамыз.

Қарулы қақтығыс болмағанымен дипломатиялық және сауда соғыстары көп болды. Мәселен Қытаймен. Сондай-ақ ол, маңыздылар санатындағы бірнеше халықаралық ұйымдардан шықты. Бірақ, Дональд Трамп АҚШ экономикасына оң өзгерістер әкелді.

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз ең үлкен экономиканы құра білдік. Әлем елдері бізден бірге Қытайға қарсы тұрды. Әлем бізді қайта құрметтеді. Осы құрметті жоғалтпауға тырысайық.

20 минутқа созылған видео-үндеуінде Трамп - Байденнің есімін бірде-бір рет атамады. Сондай-ақ ол жаңа Президентті ұлықтау рәсіміне де қатыспайтын кесіп айтты.

Ә. Өмірзақ