Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Газ баллоны жарылып екі адам жарақат алды

AstanaTV
25.01.2021ж. 20:00
2168
Газ баллоны жарылып екі адам жарақат алды

Жамбыл облысындағы жер үйлердің бірінде газ баллоны жарылып екі адам жараланды. Оның бірі 14 жастағы жеткіншек. Екіншісі сол үйдің келіні. Оқыс жағдай облыс орталығына жақын Шайқорық ауылында болған. Үйдің кіре берісіне қойылған үш литрлік газ баллоны жарылды. Дүмпудің жойқын болғаны соншалық, баспана терезелері түгі қалмай сынған. Тіпті үйдің қабырғалары қисайған, кірпіштері де аулада шашылып жатыр. Ал, жарақат алған жасөспірімнің денесі 15 пайызға, ал әйел адам 30 пайызға күйіп қалған. Қазір аурухана жатыр.

Мақсат ӘКІМБАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТЖД ӨРТТІ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Жағдайлары орташа тұрақты, газ боллонының жарылу болжамы себебі газ баллонды суық жерден жылы жерге кіргізу салдарынан газдың ұлғаюы нәтижесінде жарылу оқиғасы орын алған. Жарылыс кезінде жану оқиғасы орын алған жоқ.


Б. Жұмабай