$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мемлекеттік органдардың журналистер сауалына дер кезінде жауап қайтаруын нұротандықтар назарға алады

AstanaTV
11.09.2017ж. 20:00
2916
Мемлекеттік органдардың журналистер сауалына дер кезінде жауап қайтаруын нұротандықтар назарға алады

Журналистердің халықаралық ынтымақтастық күніне орай Шымкентте «Нұр Отан» партиясы мүшелері БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді. Жиында қалам ұстаған қауым мен партия арасындағы байланыс, ынтымақтаса жұмыс істеу мәселесі сөз болды. Партия филиалы тарапынан атқарылған жұмыстар туралы да айтылды. Жергілікті және республикалық басылымдар мен телеарна тілшілері өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Бірқатар тілшілер мемлекеттік мекемелерге жіберген сауалының жауапсыз қалатынын алға тартты. Партия өкілдері мәселені назарға алатынын жеткізді. Екіжақты бірлескен жұмыстарды дамыту бойынша  да жан-жақты пікір алмасу болды.

Бердіқұл Садықов, «Нұр Отан» партиясы Еңбекші аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Қабылдау бөлмелерімізге келіп түскен арыз-шағымдар арасында қандай деңгейде шешілген мәселелер, яғни біз өз тарапымыздан шешілген мәселерді де ұсыныс жасады журналистеріміз, соны да біржақты қарамай, олардың шешілгені туралы азаматтарды арнайы шақырып, олардан да сұқбат алсақ деген ұсыныстар болды. Біз, әрине, оны құптаймыз.