$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Оралда жанармай құю бекеттері жабылып жатыр

AstanaTV
14.04.2021ж. 20:00
3000
Оралда жанармай құю бекеттері жабылып жатыр

Ал, өңірлерде бензин тапшылығы туды. Оралда жанармай құю бекеттері жабылып жатыр.  Батыс Қазақстан облысында жанармай дағдарысы әлі реттелген жоқ. Бүгінде өңірдегі жекелеген май құю бекеттері бензин сатуды мүлдем тоқтатқан. Ал облыстың шалғай аудандарында АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 200 теңгеге жетті.

Қазір қалада жұмысын тоқтатқан жанармай бекеттерінің саны көбейген. Бензинді ірі стансалар ғана сатып жатыр. Сатушылар азайғасын соң, баға да қымбаттапты. АИ-92 маркалы бензиннің литрі 160-175 теңге аралығында. Ал облыстң шалғай аудандарында, литрі 200 теңгеге бір-ақ жеткен.

Манарбек КУШАЛИЕВ, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бензинннің қымбаттағаны ештеме емес, кейбір заправкаларда жоқ, «талонмен» деп солай жазып қойыпты. Енді қазір көктем уақыты, ауыл шаруашылығы жұмыстары бар, дачалар бар. Қазір нағыз соған керек бензин. Оның неге жоқ болып жатқаны, неге қымбаттатып жатқаны, ол енді біріншіден халықтың қалтасына ауыр түседі енді.


Роман КОПНЯЕВ, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Бір апта бұрын қаладағы май құю бекеттерінің бірі бағаны өсіруі мұң еді, қалғандары да соған ілесті. Тіпті бензин азайып, тапшы бола бастады. Жалпы, біздің экономикамыз қызық. Мұнай қымбаттаса, бензин де қымбаттайды. Бірақ мұнай арзандаса, бензин сол қымбат бағамен сатыла береді.


Өңірге қажетті жанармай осыған дейін көршілес Атырау мен Ресейден жеткізілетін. Көрші облыстағы зауыт жөндеу жұмыстарына жабылғасын, бензиннің азайғанын жергілікті шенеуніктер де мойындайды.

Бейімбет МУСИН, БҚО ТҮКШ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Энергетика министрлігінің хабарлауы бойынша, Атыраудағы зауыт 24-сәуірде жұмыстарын бітіреді екен. Қазіргі уақытта көлемдер Шымкент зауытынан әкелінуде. Бұл енді өзінара бағаның қымбатсуына әкелініп отыр. АЗС-тар бар жабық. Ол қалада. Қалада жабықтар бар, ауылда да жабылып жатқандар бар. көлемдері жоқ.

Сала өкілдері Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты іске қосылғасын, жағдай реттелер деген үмітте. Бірақ бензин тасымалы қайтадан жолға қойылғанша да біраз уақыт қажет. Әрі бағаның қалай құбыларын ешқайсысы тап басып айта алар емес.

Е. Карин