Атырауда азаматтық қоғамды дамыту және заманауи білім беруді ұйымдастыру аясында «Үкіметтік емес ұйымдар мектебі» жобасы жүзеге асырылуда. Соның аясында аймақтағы кәсіпкерлікті қолдау жөнінде семинар тренинг өткізді. Шараның ұйымдастырушысы- облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты «Азаматтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Өзге қалалардан шақыртылған мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті. Үш күн бойы өтетін шеберлік сабағына қатысқандар ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Гүлден ӨТЕБАЛИЕВА, ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕР:
Бұл шараға мені шақырған азаматтық орталыққа алғысымды білдіремін. Қазіргі тренингте мына пандемияға байланысты адамдар үйде отырып жұмыс жасайды. Міне сол командамен қалай жұмыс жасау керек, бұрынғы команданы қалай сақтап қалу керек соны үйретіп жатыр.
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараның басты мақсаты ҮЕҰ -ң белсенділігін арттыру. Сондай-ақ, пандемия кезінде дағдарысқа жол бермей, олардың алға қарай ұмтылуына ықпал ету.
Эмин ӘСКЕРОВ, БИЗНЕС- ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:
Бұл тренинг күні бойы жалғасады және басты мақсат - қызметкерлерді жалдау, команданы басқаруды үйрету, сонымен қатар ортақ мақсатқа жету. Сондай-ақ, негізгі аспект кәсіпті жандандыру: тапсырмаларды қалай бөлуге болады және сіздің жобаңыздың миссиясын, мақсаттары мен міндеттерін тағайындау.
Қазір Атырау облысында 700- ге жуық ҮЕҰ тіркелген. Оның 130 -дайы ғана қарқынды жұмыс істейді.
А. Базарбай