$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Карантин талабын бұзғандар есімі БАҚ-қа жарияланады

AstanaTV
22.07.2021ж. 20:00
1331
Карантин талабын бұзғандар есімі БАҚ-қа жарияланады

«Қызыл» мәртебесі бола тұрып карантин режимін бұзғандардың есімдері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.  Бұл туралы коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың басшылары мен өңірлердің әкімдіктеріне иммундау бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ халықты коронавирустық инфекциядан вакцинациялаумен қамту бойынша нақты тапсырмалар берілді. Мамандардың айтуынша, еңбек демалысына шыққандар жағдайды ушқытырып отыр. Қаладан қалаға қатынаушылар көп. Сондықтан олар жұртшылықты сапар кезінде қорғаныс шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Жанна ПРАЛИЕВА, НҰР-СҰЛТАН қ. БАС САНИТАР ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ауру жұқтырғандардың 53 пайызы сауда және қоғамдық тамақтану орындарына, көңіл көтеру мекемелеріне барған. 34 пайызы үй жағдайында жұқтырса, 17 пайызы жұмыс орнында ауруға шалдыққан. Бұл жұмыс орындарында да маска режимі мен әлеуметтік қашықтық сақталмайтынын көрсетеді.


Бас қалада өткен тәулікте карантин талабын бұзған 7 кәсіпкерлік нысан анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Елорданың мониторингтік топтары тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде.  

А. Базарбай