Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Елордада алғаш рет түлектерге 5300 грант бөлінді

Елордада алғаш рет түлектерге 5300 грант бөлінді

Биыл Елорда әкімдігі Нұр-сұлтан қаласының түлектеріне жалпы 5 мыңнан астам грант бөлді. Соның 515-і Жоғарғы оқу орындарына қарастырылған. Студенттер тегін білімді 3 сала бойынша алады. Яғни, бұл жеңілдіктер педогогика мамандарына, спортшыларға, және исламтану саласына бет бұрған студенттерге арналған.  Конкурс барысында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасынан шыққан балаларға, одан бөлек паралимпиадалық спортшылар мен жарыстардан айтарлықтай жетістіктері бар түлектерге басымдық берілген.

Мұғалім беделін көтеру үшін педогогика мамандығына 450 грант бөлінді. Соның 30-ы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан түлектерге берілді. Ал  жүлделі орындарды иеленіп  жүрген спортшыларға бұдан бөлек тағы  50 грант қаралған. Бұл жеңілдіктер тікелей қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Алтынай БАРАТҚЫЗЫ, НҰР-СҰЛТАН қ. БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
 
Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша 50 грант Еуразия Ұлттық университетіне бөлініп отыр. Сондай-ақ педагогика мамандығы бойынша Нұр-сұлтан қаласы Астана халықаралық университетіне әкімдіктің 450 гранты бөлініп отыр. Одан кейін исламтану, шығыстану және теология мамандықтары бойынша Нұр Мүбәрәк ислам мәдениеті Египет университетіне 15 грант бөлініп отыр.

Білім гранттары 3 жыл қатарынан беріледі. Саланы дамытып, білікті  кадрлар әзірлеуде бұл гранттардың маңызы өте зор. 50 грантты иеленген спортшы әрі қарай денешынықтыру пәнінің мұғалімі немесе бапкер болып жұмыс істей алады.

Самат ЕРҒАЛИ,  НҰР-СҰЛТАН қ. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
 
Биылғы жылдан бастап біздің Елордамыздың спортшылары Ұлттық Еуразиялық университетке 50 грант алып отыр. Ол енді бірден-бір Елорданың әкімі Алтай Сейдіровичтің қолдауымен. Енді осы грантымыз біздің 3 жылға жалғасын табады.


Спортшыларға бөлінген алғашқы 50 гранттың бірін 6 жасынан спортқа ден қойған Даяна иеленді. Талай жарыстардың жүлдегері болып үлгерген спортшы "бапкер және әлемдік деңгейдегі төреші болсам" дейді.  

Даяна ШАЯХМЕТОВА,  ГРАНТ ИЕГЕРІ:
 
Конкурс барысында жетістіктеріміз бен грамоталарымыз қаралды. Қазір мен бапкер болғым келеді. Одан кейін халықаралық төрешіге оқып, әлемдік деңгейде төрешілік еткім келеді. Қазақстанның атынан әлі әлемдік деңгейдегі төреші шыққан жоқ.

Даяна сияқты талай бәсекеде топ жарып, ел намысын қорғап жүрген спортшы жастарымыз жетерлік. Сондықтан әкімдік тарапынан қолға алынған бұл игілікті бастама талай жастың болашағын жарқын етіп, армандарына қол жеткізуіне септігін тигізбек.

А. Базарбай