Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Кісі қолынан қаза тапқан жігіттің туыстары кінәлілердің түгел жазалануын талап етті

AstanaTV
14.09.2021ж. 20:00
2235
Кісі қолынан қаза тапқан жігіттің туыстары кінәлілердің түгел жазалануын талап етті

Орал қаласының қақ ортасында кісі қолынан өлген жігіттің туыстары кінәлілердің түгел жазалануын талап етіп отыр. Олардың айтуынша, полиция күдікті ретінде бір адамды ғана ұстаған. Алайда оның қандықол серіктері әлі бостандықта жүр, дейді. Туыстары марқұмның түнгі клубта әлдекімдермен төбелесіп қалған ауылдасына  араша түсуге барғанын айтады. Бірақ оған бірнеше жігіт жабылып, аяусыз сабап өлтірді, дейді апасы. Марқұмның артында анасы, үш баласы мен жары қалған.

Эльвира ШАРИПОВА, МАРҚҰМНЫҢ АПАСЫ:


Қара күші бар, ешкімге әл бермейді ол деген. Артынан соғып тұр ғой не болса да. Бір танысы көрген: басынан үш бала теуіп жатқанын көрген. Сол теуіп өлтіріп тұр ғой соны. Тек қана бір адам қазір ұсталып отырған. Ал ол жерде групповой, групповой деген жазасын көп жылдан алады. Әдейі сол бір адам ғой қазір ұстап отырғандары. Бір адамның мойнына ілейін деп отыр.


Полиция дерегінше, осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер анықталып жатыр. Әзірге аса ауыр қылмысты жасаған бір  күдікті ұсталған. Ол тергеу барысында кінәсін мойындаған көрінеді.

Мөлдір САДЫРҒАЛИЕВА,  БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:


Жаппай төбелес болғаны расталған жоқ. Бірақ бірнеше адамның өзара сөзге келгені анықталды. Көшеде екі адам төбелескен. Жәбірленуші алған соққыдан жерге құлап, сол жерде көз жұмған. Қазір ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Күдікті қазір қамауға алынды.

Е. Карин