$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақмола облысында тілдер мерекесінің онкүндігі қортындыланды

AstanaTV
20.09.2021ж. 20:00
1976
Ақмола облысында тілдер мерекесінің онкүндігі қортындыланды

Көкшетауда тіл жанашырлары марапатталды. Шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігі аясында ұйымдастырылған. Түрлі байқаулар қорытындыланып, олардың жеңімпаздары сый-құрметке бөленді.

Мерекелік шараға келгендер, алдымен арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Көрмеге аймақтағы тіл жанашырларының сүбелі еңбектері қойылыпты. Мұнан соң көпшілік күткен салтанатты шара шымылдығын ашты. Мемлекеттік тілдің дамуына атсалысып жүргендер мен түрлі байқауларда жеңімпаз атанған 30 шақты адам марапатталды. Бас жүлде иегері де анықталды.

Асылбек БАЙЖҰМА, КОНКУРС ЖЕҢІМПАЗЫ:

Арқаның төрінде Көкшетау қаласында өтіп жатқан "Тіл елінің тірегі" байқауына өзіміз қазақ болғаннан кейін, ұлт патриоттарының бірі болғандықтан. Тіліміз туралы өлең жазуға ой келген. Соған байланысты "Жаса қазақтың тілі" деген өлең жаздық .Сол өлеңіміз бүгінгі байқауда бас жүлдені иемденген екен. Сондықтан өте қатты қуаныштымыз.

Игі бастаманы Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған. Олар онкүндік аясында мемлекеттік тілді насихаттайтын түрлі шаралардың ұйытқысы болған. Байқаулар, сайыстар, акциялар, форумдар, ақындар мүшәйрасы, көрмелер, дөңгелек үстелдер, бейне байқаулар мен онлайн шаралар, сондай-ақ танымдық дәрістер өткізіпті.

Әсем ЖҰМАҒҰЛОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОНОМАСТИКА БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Бұл алдымен мемлекеттік тілді ел аумағындағы басқа да этнос өкілдеріне дәріптеу. Бізде мемлекеттік тілде оқытылатын мектептерде оқитын әртүрлі ұлт өкілдері жетерлік. Сондықтан да мұндай жүйелі жұмыстар мен шаралар жиі жүргізіліп отыруы тиіс.


Орай келгенде айта кетейік, бір ғана Ақмола облысында Қазақстан халқының тілдері күні аясында 2 мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылған.

Б. Сатуов